Алматыда өткен бірқатар іс-шара мен кездесулер барысында тұрғындарға «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы туралы егжей-тегжейлі ақпарат берілді.

Оңтүстік астананың 1-ші шағын ауданының тұрғындарына  600 орындық жайлы мектептің жобасы таныстырылды. Ол №97 ескі мектеп ғимаратының орнында тұрғызылады.

Іс-шарада Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Бану Манапова, №97 мектептің директоры Гүлнар Тәжібаева және мердігер «DIAL Group» ЖШС Бас директорының орынбасары Бақыт Рымжанов сөз сөйледі.

Сонымен қатар, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Амангелді Саттаров өз сөзінде Ұлттық жобаның маңыздылығы мен артықшылықтары туралы, оның апатты мектептер мен үш ауысымды оқыту мәселелерін шешудегі және оқушыларға білім беру жағдайларын жақсартудағы рөлі туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Тұрғындардың, атап айтқанда, құрылыс алаңының жанында тұратын халықтың тарапынан толық түсіністік пен қолдау бар. Алайда, оларды мектеп құрылысы аяқталып, пайдалануға берілгеннен кейін іргелес аумақты көгалдандыру және абаттандыру мәселелері қызықтырды.

Алматы қаласының Қарасу шағын ауданында 2000 орындық жайлы мектеп салу жоспарланған. Жергілікті тұрғындарға жаңа білім беру нысаны таныстырылды. Жиналған тұрғындарға болашақ мектептің жобасы көрсетіліп, оларды қызықтырған барлық сұрақтарға жауап берілді.

Халықпен кездесулер еліміздің әр өңірінде тұрақты негізде өткізіліп тұрады. Бұл жергілікті тұрғындар жақын маңда салынып жатқан мектеп туралы ғана емес, жалпы ұлттық жоба туралы барлық қажетті ақпаратты білуі үшін қажет. Қазақстандықтар «Жайлы мектеп» жайында неғұрлым көп білсе, жұртшылықтың назары соғұрлым жоғары болмақ. Бұл ұлттық жобаны іске асырудың ашықтығы мен сапасына халық тарапынан бақылауды қамтамасыз етеді.

Сондай – ақ, тұрғындарға жайлы мектептердің жеке меншікте болмайтыны емес екені түсіндірілді. Пайдалануға берілгеннен кейін ұлттық жоба шеңберінде салынған барлық білім беру нысандары жергілікті атқарушы органдардың балансына беріледі. Бұл жаңа және заманауи мектептерде білім алу тегін әрі қолжетімді болады деген сөз.

Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы бойынша іске асырылып жатқан «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында 2025 жылдың соңына дейін бүкіл Қазақстан бойынша 369 орта білім беру нысаны салынады. Samruk-Kazyna Construction тапсырысы бойынша 208 мектеп 2024 жылы, 151 мектеп 2025 жылы пайдалануға беріледі. 10 мектеп жергілікті атқарушы органдардың тапсырысы бойынша, оның ішінде 1 мектеп мемлекеттік жеке меншік әріптестік, ал 9 мектеп дайын нысанды тауар ретінде сатып алу әдісімен салынбақ.

Төрағасының блогы