Көшпелі жұмыс сессиясы аясында делегация шатыр және қаптау материалдарын өндіру процесімен танысты.

Жаңа зауыт «Астана – жаңа қала» АЭА аумағында орналасқан. Өндірістік қуаты айына 75 мың м²  дейін ламинатталған қабырға панельдері. Бұл өндірісте экологиялық таза целлюлоза негізін және қабырға панельдерін ламинаттау технологиясын қолданатын елдегі алғашқы кәсіпорын.

Сондай-ақ, зауыт жылына 7,2 мың тоннаға дейін алюминий профильдерін, 2 млн м² дейін қасбетті қаптау материалдарын және 1,5 млн м² дейін шатыр жабындыларын өндіруге қауқарлы.

Инвестиция сомасы – 4,2 млрд теңге. Оның 3,4 млрд теңгесін (80%) инвестициялық қызметі шеңберінде Samruk-Kazyna Construction құйды.

Өндіріс ошағының ашылуы осы жылдың желтоқсан айына жоспарланған.

Осылайша, акционерлік қоғам импортты алмастыруды дамыту бағдарламасын іске асыруға елеулі үлес қосты. Құрылыс материалдарының жергілікті өндірісін арттыру арқылы импортқа тәуелділік азайып қана қоймай, тұрғын үйдің шаршы метр бағасы да арзандайды.

Төрағасының блогы