Мәулен Айманбетовке алақандағы тамырлардың суретін сәйкестендіру арқылы жұмыс істейтін қазақстандық бірегей жоба таныстырылды. Жүйе саусақ іздерін қажет етпейді.

«Alaqan» жүйесі ақпараттық және санитарлық қауіпсіздік сертификаттарын алған, барлық жеке деректер қорғалған. Биометриялық жүйе адамды жанасусыз анықтап, инфекциялардың берілуін болдырмайды.

Мектептерде аталған биометрияны қолдану көптеген мәселелерді шешуге ықпал етеді. Бөгде адамдар мектеп ғимаратына кіре алмайды, оқушылар мен ұстаздардың кіріп-шығу жылдамдығы бірнеше есе артады.

Ата-аналар болса мобильді қосымша арқылы баланың мектепке кіру және шығу уақытын, асханадан не сатып алғанын және басқа да іс-әрекеттерін бақылау мүмкіндігіне ие болады.

Жиын қорытындысы бойынша Samruk-Kazyna Construction басшысы екі күн мерзімде жүйенің бағасы және оны жайлы мектептердің жобалық-сметалық құжаттамасына енгізу бойынша мәселелерді шешуді тапсырды. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша салынып жатқан білім ошақтарына «Alaqan» сервисін орнату қарастырылып жатыр.

Төрағасының блогы