Жайлы мектеп құрылысына қатысты мәселелер: «Samruk-Kazyna Construction» АҚ ұстанымы
«Samruk-Kazyna Construction» АҚ (Дирекция) 2024 жылғы 23 тамызда өткен Қоғамдық кеңесте көтерілген «Жайлы мектеп» ұлттық жобасына қатысты негізгі сұрақтарға қатысты жауап берді.
Жайлы мектептерді Binom-дармен салыстыру
Қоғам белсенділерінің сұрауына сай 2000 оқушыға арналған «жайлы мектептер» мен Binom мектептерінің құны мен техникалық сипаттарына сараптама жасалды. Сараптамада мектептер құрылысына жұмсалған қаражат көлемі, материал сапасы, жабдықтау және жобалық шешімдер сынды аспектілер ескерілді. Мәселен, 2000 орынға арналған Binom мектебінің құны 10 766,749 млн теңге (2021–2023 жылғы бағалар) болса, осындай көлемді жайлы мектептің құрылысына 500 млн теңгеге жуық қаражат аз жұмсалып, құны - 10 280,718 млн теңгені (2024–2025 жылғы бағалар бойынша) құраған.
2000 орындық жайлы мектептің жалпы ауданы 20396,50 кв.м болса, Binom-дыкі - 22413,33, біріншісінің құрылыс көлемі - 117032,00, екіншісінде азырақ – 86578,44. Егер жайлы мектептің 450 кісіге есептелген акт залы бөлек болса, Binom-дағы акт залы спорт залымен біріктірілген. 2000 орындық жайлы мектепте 2 үлкен және 2 кіші спорт залдары болса, Binom-да бір-бірден. Жайлы мектептегі асхана үлкенірек және бастауыш және жоғары сынып оқушыларына бөлек-бөлек кіріс-шығыс қарастырылған, және де жайлы мектепте STEM-зертхана, сенсорлық бөлме, инклюзивті білім беру кабинеті мен био-нанотехнологияны оқытатын жабдықтар қамтамасыз етілген. Медициналық блоктың құрамы бөлек-бөлек дәрігер, емшара және фильтр-кабинетінен тұрады. Бұл шаралар Binom мектептерінде жоқ. Балалардың демалысына арналған алаңқайлар жасы бойынша бөлініп жасалса, биномда ортақ бір алаң жасалған.
Жиһаз өндірушілерді сертификаттау
11 жиһаз өндірушілерінде индустриалды және СТ-KZ сертификаттарының болмағандығы туралы «Атамекен» ҰКП сұрауына қатысты «Samruk-Kazyna Construction» АҚ осы компаниялармен келісім-шартқа отырған бас мердігерлерден түсіндіруін талап етеді. Егер қандай да бір келісім-шарт талаптарының бұзылуы анықталса, яғни аталған 11 компанияның «Самұрық-Қазына» АҚ мен «Атамекен» ҰКП реестрінде болмаса, келісім-шарт талаптарына сай шаралар қолданылмақ. Оның ішінде контрактта көрсетілген жалпы соманың 10% өндіруден бастап жосықсыз тауар өндірушілер тізіміне қосуға дейінгі амалдар қолданылады.
«Samruk-Kazyna Construction» АҚ сәйкесс реестрге енгізілген отандық тауар өндірушілерден ғана сатып алуды көздейтін ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 30 қарашада бекіткен №963 Жарғысында көрсетілген талаптарды қатаң сақтайды.
Балалардың қауіпсіздігі мен жиһаз сапасына қойылатын талаптар
ҚР ағаш өңдеу және жиһаз шығару ассоциациясы жайлы мектептерде орнатылған жиһаздың қауіпті болуына қатысты алаңдаушылық білдірген еді. 2016 жылғы 22 қаңтарда бекітілген ҚР Ғылым және білім беру министрлігінің № 70 «Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы» бұйрығының негізінде ҚР Оқу-ағарту министрлігі жайлы мектептерді технологиялық құралдар мен жиһазбен жабдықтау тізімін жасап, Дирекцияғаа берген болатын.
Жайлы мектептердегі сыныптарды жабдықтаудың жобалау-сметалық құжаттамасы аталған тізімнің талаптарына сай жасалды. Осы тізімге сәйкес жиһаз түсіне қатысты ешбір талап қойылмаған әрі үстелдердің биіктігі бойынша ғана өзгертілуі айтылған.
Сонымен қатар Дирекция бүгінгі таңда заңдық күші бар мектептерді жабдықтау нормативтеріне сараптама жасап шықты және жиһаз түсі мен үстелдің еңісіне қатысты ешбір талаптардың көрсетілмегендігіне көз жеткізді:
- ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамызда бекіткен № ҚР ДСМ-76 «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы;
- ҚР Ғылым және білім беру министрінің 2016 жылғы 22 қаңтарда бекіткен №70 «Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы» бұйрығы;
- ҚР 3.02-111-2012 «Білім беру мекемелері» ережелер жинағы;
- ҚР 3.02-107-2014 «Қоғамдық ғимараттар» ережелер жинағы.
2011 жылғы 30 желтоқсанда бекітілген ҚР Үкіметінің №1684 "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Жарғысына сай жиһаз түсіне қатысты мынадай талаптар қойылған: «... Парталар, үстелдер, шкафтардың түсі табиғи ағаш түстес немесе ашық жасыл түсті болуы тиіс». Алайда бұл құжат ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі №754 Жарғысының шешімімен өз күшін жойған.
Сараптама жасау мақсатымен мектептердегі жиһазды алуға қатысты мердігерлер ортада жасалған келісім-шарт талаптарына сай технологиялық, оқу және инженерлік жабдықтау, жиһазды қоса алғандағы нысанды Тапсырыс берушіге (Дирекция) акт бойынша тапсырғанша нысанның қауіпсіздігіне толықтай жауапты. Одан әрі Тапсырыс беруші жергілікті атқару органарының коммуналдық меншігіне тапсырады. Келісім-шарттарда көрсетілген талаптардың бұзылуына мердігер жауапқа тартылады, сол үшін жиһазды сараптамаға алдырту үшін мердігердің келісімі қажет.
Дирекция сараптаманың жасалуы қажет болған жағдайда өз құзыретінің аясында толықтай қолдау көрсетуге дайын.
Шардарадағы мектеп жиһазының дизайнын бекіту
ҚР Жиһаз өндірушілері гильдиясының сұрауына айтарымыз: жайлы мектеп жиһазының дизайнын «Samruk-Kazyna Construction» АҚ бекітеді және «Мемсараптама» РМК қаратсыруын талап етілмейді. Шардарада тұрғызылып жатқан жайлы мектептің жобалау-сметалық құжаттамасы да, жиһазының дизайны да әлдеқашан бекітіліп қойған. Бұл ретте бас мердігер «Integra Construction KZ» ЖШС мен өзге де тараптарға түсіндіру жұмыстары атқарылды.
Мектептерді толықтай аяқтап салып беруге қатысты мәселелердің барлығы Дирекция мен мердігер ұйымдар арасында жасалған келісім-шарттарда көрсетілгенін ерекше атап өту керек. Келісім-шарттарда жұмыстың барлық түрлерінің орындалу мерзімі нақты айтылған.
Мәселен, шарттың 5.1.7 пунктінде мердігер ұйым жобалық құжаттаманың кешенді мемелекеттік сараптамадан өткеннен кейін 30 жұмыс күні ішінде инженерлік және интерактивтік жабдықтар, оқу құралдары мен жиһазды қамтамасыз ететін өнеркәсіп орындарымен шарт жасасуға міндеттелген. Талап етілген мерзімнен кешіккен жағдайда мердігер әр кешіктірген күніне келісім-шарт құнының 0,1% көлеміндегі айыппұл төлеуге тиісті. Мұндай жағдай Ақмола облысы Қараөткел және Талапкер ауылдарындағы үш мектептерді тұрғызған «К.Г.С.САудА» ЖШС қатысты орын алған болатын.
Демек, Дирекция келісім-шарт талаптарының уақытылы орындалуын мұқият қадағалап отыр, оның ішінде мектептерді уақытылы жиһазбен жабдықтау да бар.
Кабель өнімдерінің сапасы
Жайлы мектептерге орнатылып жатқан кабель өнімдерінің сапасының талапқа сай болуын және ол талаптарды «Мемсараптама» РМК қадағалайды. Қосымша техникалық қадағалау мамандары сәкес тексеріс жүргізіп, өз есептерін е-Qurylys электронды платформасына жүктеп отырады.
«Samruk-Kazyna Construction» АҚ құрылыс сапасы мен қауіпсіздігін жақсарту жолында жұмысын күшейтіп келеді, сондай-ақ, жобаға қызуғышылық танытқан тараптармен ашық диалог жүргізуді қолдайды.