Осыдан тура 34 жыл бұрын Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі тәуелсіз Қазақстанның бірінші құқықтық құжаты - Республиканың егемендігі туралы декларацияны қабылдап, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негізін жариялады.

Атаулы дата қарсаңында «Samruk-Kazyna Construction» АҚ салтанатты шара өтті. Жиын барысында Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ғабит Малғаздаров барша қызметкерлерді мерекемен құттықтады. Өз сөзінде Ғабит Тлеукенұлы егеменді еліміз бен Қоғамның жеткен жетістіктеріне тоқталып өтті.

Қазақстанның көркейіп және жан-жақты дамуына әрбір отандасымыз үлес қосып келеді. Салтанатты жиында құрылыс саласының өркендеуі жолында аянбай еңбек етіп жүрген бірқатар маман «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасының Құрмет грамотасы және Алғыс хатымен, сондай-ақ «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма төрағасының алғыс хатымен марапатталды.

Төрағасының блогы