2022 жылғы 15 сәуірде сағат 10:00-де «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Бірінші басшысы М.З. Айманбетов «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Р. Э. Гаппаровпен кездесті.

Кездесу аясында құрылыс материалдарын өндіру зауыттарының жобаларына инвестициялар тарту мәселелері қаралды. Аталған жобаларды енгізудің негізгі мақсаты жергілікті өндірісті ілгерілету және құрылыс материалдарының импортын алмастыру болып табылады.

Жоғарыда аталған жобаларды іске асыру құрылыс материалдарының өзіндік құнын төмендету, жергілікті шикізат базасын пайдалану арқылы құрылыс саласын одан әрі дамытуға ықпал етеді. Болашақта бұл зауыттар нарықтағы тапшылықты жоюға, өндірістік жұмыстар кестесінің бұзылуын болдырмауға мүмкіндік береді және объектілерді мерзімінде пайдалануға беруді қамтамасыз етеді.

Кездесуге қатысушылар өтінімдерді беру мерзімдерін көрсете отырып, кредиттеудің өзектендірілген шарттарын талқылады, сондай-ақ «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ инвестициялық жобаларды талдаудың екі кезеңінен өту қажеттілігі туралы хабарлады.

Кездесу қорытындысы бойынша инвестициялық жобаларды қолдау үшін құжаттар пакетін қарау мерзімдерін белгілей отырып, жобалардың әрқайсысы бойынша Жол картасын әзірлеу туралы шешім қабылданды.

Төрағасының блогы