2022 жылғы 22 сәуірде «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма Төрағасы М.З. Айманбетов құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасын бақылау мақсатында Атырау қаласындағы «Французский квартал» тұрғын үй кешеніне барды.

Тексеру барысында жеке өзі аулаларды абаттандыру жұмыстарының сапасымен танысты және тексерді.

Жаңа тұрғын алаңдарды аралау қорытындысы бойынша Қоғам Басқармасының Төрағасы М.З. Айманбетов жылжымайтын мүлік объектісін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуді тапсырды.

«Французский квартал» тұрғын үй кешенінде пәтерлерді іске асыру шеңберінде ағымдағы жылдың 30 мамырына дейін пәтерлерді тиісті иелерге беруді жүзеге асыру тапсырды.

 

Төрағасының блогы