2022 жылғы 22 сәуірде Атырау қаласында М.З. Айманбетовтың «Еуропалық құбыр жүйелері» ЖШҚ басшыларымен жеке кездесуі өтті.

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ инвестициялық қызметін жүзеге асыру шеңберінде құрылыс материалдарының импортты алмастыруға бағытталған зауыттар құру мәселелері пысықталуда. Осылайша, «Еуропалық құбыр жүйелері» ЖШҚ (ЕҚЖ) өндірістік қуаттарды Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына көшіруге, кейіннен өнімді ЕАЭО аумағында экспорттауға мүдделілік танытты.

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма Төрағасы М.З. Айманбетовтың бастамасы бойынша шетелдік делегациямен кездесу «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының алаңында өтті. Аралау барысында «ҰИМТ» АЭА БК» АҚ Басқарма Төрағасы Г. Н.Куркимов  «ЕҚЖ» ЖШҚ өкілдерін жалпы зауыттық инфрақұрылыммен таныстырды.

Кездесу соңында қатысушылар ынтымақтастыққа өзара қызығушылық танытып, осы саладағы жобаға егжей-тегжейлі талдау жүргізуге келісті.

Анықтама: «Еуропалық құбыр жүйелері» ЖШҚ швейцариялық BRUGG Pipes брендінің құбыр өнімдерінің ЕАЭО аумағындағы эксклюзивті дистрибьютерлері және орталық және автономды жылытудың шағын және орта желілеріне, сондай-ақ өнеркәсіпте және ауыл шаруашылығында, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау жүйелерінде, кәріз желілерінде және т. б. қолдануға арналған икемді полимер құбырларды өндірушілер болып табылады.

Төрағасының блогы