2022 жылғы 27 сәуірде сағат 11:00-де М.З. Айманбетов «Samruk – Kazyna Construction» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) Басқарма Төрағасы тұлғасында өзінің Instagram жеке парақшасында бірінші тікелей эфир өткізді.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру және Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы шеңберінде «Samruk-Kazyna Construction» АҚ халықпен тікелей және ашық диалог құруды және азаматтардың барлық сындарлы сауалдарына тиімді жауап қайтаруды көздейді.

Тікелей қосылу барысында бір жарым сағат ішінде «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма Төрағасына 33 сұрақ келіп түсті. М.З. Айманбетов келіп түскен өтініштерге қажетті кеңестер мен толық жауаптар берді.

Негізінен көрермендерді әлеуметтік сипаттағы мәселелер қызықтырды. Осылайша, кейіннен сатып алу құқығымен жалдау шартының талаптары, атап айтқанда, жалдау төлемдерінің мөлшері, мүлікке салық ставкалары және сақтандыру қажеттілігі бойынша мәселелер көтерілді. Жалға алушылар «Жай серіктестік» (ЖС) және «Мүлік иелерінің бірлестіктері» (МИБ) көп пәтерлі үйлерді басқарудың жаңа нысанына көшу бойынша, мемлекеттік бағдарламалар бойынша жаңа тұрғын үй объектілерін салу жоспарлары бойынша, құрылыс материалдарын өндіру бойынша зауыттар құру жобалары туралы және т. б. сұрақтар қойды.

Тікелей эфир соңында көрермендер Қоғам Басқармасының Төрағасы М.З. Айманбетовке көтерілген мәселелердің толық жауаптары мен шешімдері үшін үлкен алғыстарын білдірді.

Осындай форматтағы кездесулер тұрақты негізде өткізілетін болады. Тікелей және ашық диалогты қамтамасыз ету мақсатында әр апта сайын кезектесіп Қоғамның Бірінші Басшысы немесе экономика, қаржы және құрылыс жөніндегі Орынбасарларының қатысуымен тікелей эфир жүзеге асырылатын болады.

Төрағасының блогы