2022 жылғы 29 сәуірде сағат 11:00-де М.З. Айманбетов ZOOM платформасында онлайн форматта өткен «Samruk – Kazyna Construction» АҚ (бұдан әрі–Қоғам) Басқарма Төрағасы тұлғасында азаматтарды алғашқы жеке қабылдауын өткізді. Кездесулер Мемлекет Басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына көшу жөніндегі міндеттерін іске асыруға арналды.

Қабылдауда әрбір азамат үй құрылысының сапасына, ауланы абаттандыруға, жалдау төлемдерін төлеуге, мүлік салығы мен жалға алушылардың шарттық міндеттемелеріне қатысты өзінің жеке проблемалық мәселелерін айтты.

Мәулен Зарлықұлы Айманбетов оларды тыңдап, халықты толғандыратын өзекті мәселелерді шешу жолдарын қарастырып, тиісті басқармалардың жетекшілік ететін басшыларына бірқатар тапсырмалар берді және әрбір азаматтың мәселелері оның жеке бақылауына алынатынын атап өтті.

Мәселелерді шешу кезінде Қоғамның Басқарма төрағасы М.З. Айманбетов жекеден жалпыға қарай қараструға тырысады. Өйткені сұрақтардың басым бөлігі тұрғын үй және әлеуметтік мәселелер бойынша келіп түседі.

Азаматтарды қабылдаумен қатар, Басқарма Төраға кері байланысты күшейте отырып, өзінің Instagram парақшасында тікелей эфирлер өткізеді. Бұл шаралар алдағы уақытта жұмысқа қабылданатын және шешілетін өтініштер мен мәселелерді барынша қамтуға мүмкіндік береді.

Айта кету керек, азаматтарды жеке қабылдау айына екі рет мерзімді негізде жүргізіледі. Алдын ала жазылу WhatsApp нөмірі бойынша жүргізіледі +7 707 815 40 04 және пошта арқылы info@fnsk.kz

Төрағасының блогы