2022 жылғы 29 сәуірде сағат 12:30-да «Samruk – Kazyna Construction» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) Басқарма Төрағасы М.З. Айманбетов «Center Group» инвестициялық-құрылыс холдингінің басшылығымен кездесу өткізді.

Кездесу аясында Қоғам Басқармасының Төрағасына Ақтөбе қаласындағы «Bavaria» тұрғын үй кешенінің құрылыс-монтаж жұмыстарының қазіргі жағдайы туралы ақпарат берілді. Баяндаманы тыңдап М.З. Айманбетов бекітілген жұмыс жүргізу кестесінен артта қалғанын атап өтіп, құрылыс қарқынын жеделдету міндетін қойды.

Ақтөбе қаласындағы «Батыс Премиум» тұрғын үй кешені тұрғындарының ескертулерін түзету мақсатында «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма Төрағасының тапсырмасы бойынша тексеру актісі жасалды. Оның нәтижелері бойынша «Center Group» ИҚХ жергілікті уәкілетті органдармен бірлесіп тұрғындармен келісілген шығындар сметасын жасады. Кездесу барысында М.З. Айманбетов осы шығындар сметасымен танысып, барлық монтаждау жұмыстарын сапалы және уақтылы орындауға тапсырма берді.

Сондай-ақ, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ анықталған ақауларды түзету мақсатында шығындар сметасын тұрғындармен келісе отырып, Ақтөбе қаласындағы «Юнис Сити» тұрғын үй кешенінде жөндеу-монтаж жұмыстарын жүргізуге «Center Group» ИҚХ атсалысуға шақырды.

Төрағасының блогы