2022 жылғы 23 мамырда «Samruk-Kazyna Construction» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) Басқарма Төрағасы М.З. Айманбетов аппараттық кеңес өткізді, оған Басқарма Төрағасының орынбасарлары, корпоративтік хатшы, комплаенс-бақылаушы, бас аудитор және департамент директорлары қатысты.

Кеңес барысында корпоративтік хатшы Б.Х. Абильдина 2022 жылғы 27 мамырдағы «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Директорлар Кеңесінің жоспарланған отырысы күн тәртібінің жобасына енгізілген мәселелердің тізімін айтып, Қоғамның Директорлар Кеңесінің тапсырмаларын орындау мониторингін келісу нәтижелері туралы хабарлады.

Бас аудитор А.С. Искаков Ішкі аудит қызметінің 2022 жылдың 1-тоқсанындағы есебі туралы баяндама жасады.

Күн тәртібіне Қоғамның 2022-2031 жылдардағы Жаңа даму стратегиясына толықтырулар енгізу туралы мәселелер қаралды. Аппараттық кеңес барысында құрылыс материалдарының импортын алмастыруға бағытталған инвестициялық жобаларды іріктеу мен қаржыландыру механизмдерінің ағымдағы жағдайы талқыланды. М.З. Айманбетов Алматы қаласындағы «Qazyna», «Ақкент», «Apple Residence» және Нұр-Сұлтан қаласындағы «Grand Victoria» тұрғын үй кешендерінің құрылысы бойынша Құрылыс салушылардың шарттық міндеттемелерін орындау бойынша жұмысты күшейтуді талап етті, атап айтқанда, жауапты мамандарға комиссиялық бақылау жүргізуді тапсырды. «Самұрық – Қазына» АҚ сатып алуды жүзеге асырудың бекітілген жаңа тәртібіне сәйкес 2022 жылға арналған сатып алу жоспары бойынша мәселелер қаралды.

Қазақстан қалаларындағы ескі тұрғын үйлерді реновациялау бағдарламаны іске асыру бойынша міндеттерді ерекше бақылауда ұстау тапсырылды. Сондай-ақ, кеңеске қатысушылар Мүлік иелері бірлестігін (МИБ) және Жай серіктестіктерді (ЖС) тіркеуге байланысты жұмыс сұрақтары талқылады. Бұдан басқа, сұраныстарды өңдеуді оңайлатуға, тиімділігі мен жеделдігіне бағытталған Қоғам қызметін автоматтандыру бойынша процестер қаралды.

М.З. Айманбетов алдыңғы кеңестерде берілген бақылау тапсырмаларының орындалуына талдау жасады. Жиналысты қорытындылай келе, Қоғамның Басқарма Төрағасы барлық жауапты қызметкерлер мен құрылымдарға талқыланған мәселелерді көрсетілген мерзімде шешуді тапсырды.

Төрағасының блогы