2022 жылғы 26 мамырда «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-да Қазақстан Құрылысшылар Одағының мүшелерімен, елдің жетекші құрылыс компанияларының басшыларымен және құрылыс саласының сарапшыларымен кездесу өтті.

   Іс-шараға қатысушыларға арналған алғы сөзінде «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма Төрағасы М. З. Айманбетов атап өтті:

   - Сыртқы және ішкі факторларды қамтитын бірқатар жағдайларға байланысты Қазақстанның құрылыс секторындаға жұмыс процестерін ауқымды түрде тоқтуға алып келетін қиындықтарға тап болып отыр. Біздің кездесуіміздің мақсаты күрделі мәселелерді шешуде құрылыс компанияларының әлеуетін нығайту, сындарлы пікір және тәжірибе алмасу арқылы дағдарыстық құбылыстардың отандық құрылыс саласына әсерін жеңілдету бойынша бірқатар шаралар әзірлеу болып табылады.

   Кездесу ашық пікірталас форматында өтті, қатысушылар құрылыс секторының ағымдағы жай-күйін және оның Қазақстан экономикасына әсерін, атап айтқанда: саладағы қысқа және ұзақ мерзімді трендтерді; тұрғын үй мемлекеттік бағдарламалардың операторлары қойған талаптарының әсер етуін; құрылыс кезеңінде инженерлік желілерді жобалау проблемаларын; ішкі нарықты отандық құрылыс материалдарының дайын өнімдерімен қамтамасыз етудегі қажетілігін талқылады және т.б.

   Отырысқа қатысушылар құрылыс саласы экономиканы нығайтудың негізгі драйверлерінің бірі, ауқымды әлеуметтік қолдау факторы болып табылатынын атап өтті, өйткені әлеуметтік әл-ауқат тұрғын үй мәселесімен тығыз байланысты, сонымен қатар құрылыс секторы халық үшін жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етеді.

   Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін құрылыс саласын жетілдіру туралы ұсыныстар кешенін әзірлеу жөніндегі Жұмыс тобын құруға келісті.

   Қазақстан Құрылысшылар Одағының мүшелері және кездесудің қатысушылары іс-шараны ұйымдастырғаны және диалог алаңын ұсынғаны үшін «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ға алғыс айтып, алдағы жемісті және бірлескен жұмысқа үміт білдірді.

Төрағасының блогы