ӘЛЕУЕТТІ ӨНІМ БЕРУШІЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА, ӨТІНІМДЕРДІ ҚАБЫЛДАУДЫ ТОҚТАТУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАЙМЫЗ!!!
"Жайлы мектеп" ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде жалпы орта білім беретін мектептердің жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстарын сатып алу жөніндегі конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізу туралы хабарлама.
"Samruk-Kazyna Construction" АҚ "жайлы мектеп"ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде жалпы орта білім беретін мектептердің жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге жұмыстарды сатып алу жөніндегі конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізілетіні туралы хабарлайды.
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін конкурстық құжаттама "Samruk-Kazyna Construction" АҚ веб-сайтында жарияланады https://skcn.kz.
Конкурстық құжаттаманың 25-тармағына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі 5 (бес) күнтізбелік күнге ұзартылатын болады.
Әлеуетті өнім берушілер конкурстық құжаттаманың 21-тармағы негізінде конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін конкурсқа қатысуға өзінің енгізген өтінімін қамтамасыз етуді қайтару құқығын жоғалтпай, конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімді өзгертуге және (немесе) толықтыруға құқылы.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы осы телефон арқылы алуға болады:
- Сатып алу процесі бойынша 8 (7172) 57-71-64.