Өскемен қ. Қазыбек би к., 46-үйдегі пәтерді еркін сатудың басталуы туралы
Өскемен қ. Қазыбек би к., 46-үйдегі пәтерді еркін сатудың басталуы туралы
«Samruk-Kazyna Construction» АҚ Өскемен қаласы, Қазыбек би көшесі, 46-үй (бұрыңғы К. Маркс к.) мекенжайында орналасқан 1 пәтерді тікелей сату тетігі арқылы еркін сату басталғаны туралы хабарлайды:
№ |
Мекен-жайы |
Пәтердің типі |
Қабаты |
Жалпы ауданы |
Жалпы құны, теңгемен |
1 |
Қазыбек би к., 46-үй, 5-пәтер |
3-х комн. |
1 |
85,5 ш.м. |
19 041 008,18 |
Пәтерді сату «Samruk-Kazyna Construction» АҚ ішкі ережелеріне сәйкес жүргізіледі. Пәтер алуға өтінімдер Өскемен қаласында тұрғын үйдің болуына қарамастан, жеке және заңды тұлғалардан қабылданады және олардың түсуіне қарай қаралатын болады. Тұрғын үй сатып алуға ниет білдірушілерге өтінімді (өтінім үлгісі қоса беріледі) oskemen@fnsk.kz электрондық мекен-жайына жіберу қажет.
Өтінімдерді қабылдау кезінде өтінімін электрондық мекен-жайға бірінші берген Өтінім берушілерге басымдық беріледі. Пәтерлерді қарау және таңдау үшін Сізге Өскемен қаласындағы «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Өкіліне (байланыс тел. 87788088804, Әлібек) жүгінуіңізге болады.
Құжаттарды қабылдау және шарттар жасау Өтінімдердің түсуіне қарай жүзеге асырылады. Құжаттарды Өтінім қабылданған сәттен бастап 5 (бес) күнтізбелік күннен кешіктірмей тапсыру қажет.
Тікелей сату арқылы өткізілетін пәтерлердің жалпы саны - 1 пәтер. Аталған пәтер келесі мекен-жайда орналасқан: Өскемен қаласы, Қазыбек би көшесі, 46-үй (бұрыңғы К. Маркс к.), №5 пәтер, 1 қабат.
Өскемен қаласындағы пәтерді еркін сатып алуға өтінімдерді қабылдаудың басталу күні мен уақыты – 24.04.2020 ж. сағат 10:00-ден бастап, oskemen@fnsk.kz электрондық мекен-жайына.
Құжаттар Дүйсенбі - Жұма күндері, сағат 10:00-ден бастап 18:30-ға дейін (үзіліс: сағат 13:00-ден бастап 14:30-ға дейін, Сенбі-Жексенбі-демалыс) мына мекен-жайда қабылданады: Өскемен қ., Чехов к., 67-үй, Нотариус «Байгереева С.К.» немесе Нұр-Сұлтан қ., Е-10-к., 17/10-үй, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ кеңсесі.
Егер бір тұрғын үй-жайға бірнеше Өтінім келіп түскен жағдайда, онда басымдылық электрондық мекен-жайға өтінім беру уақыты бойынша беріледі. Сондай-ақ еркін өткізу қаржы ұйымдарының ипотекалық кредит беруі тетігі арқылы Өтінім берушіге үй-жайды сату жолымен жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ретте сатып алу құқығымен жалдау шартын жасаумен немесе кредитті/ипотекалық кредитті ресімдеумен байланысты барлық шығыстарды Өтінім беруші көтереді.
Сатып алу-сату шартын жасау үшін «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ға ұсынылатын құжаттар тізімі:
- Өтінім берушінің жеке куәлігі;
- Неке қию, некені бұзу туралы куәліктің, жұбайының/зайыбының (жұбайы/зайыбы болған жағдайда) қайтыс болуы туралы куәліктің түпнұсқасы мен көшірмесі.
- Өтінім беруші, Тең өтінім беруші (-лер) некеде тұрмайтыны туралы нотариалды расталған өтініш (егер Өтінім беруші үй-жайды бөлуге өтінім-сауалнама берген сәтте некеде тұрмаса).
- Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүліктің болуы/болмауы туралы анықтама
- Пәтердің құнын толығымен төлеуге ниетін растау үшін Өтінім беруші мен отбасы мүшелерінің ақшалай қаражатының бар екені туралы ЕДБ-ден анықтаманың түпнұсқасы немесе пәтер сатып алу үшін Өтінім берушіге ипотекалық қарыз беру туралы ЕДБ-ның кепілдік хатын ұсыну.
Тікелей сату тетігі арқылы тұрғын үй сатып алудың негізгі өлшемдері:
* Өтінім берушінің «Samruk-Kazyna Construction» АҚ, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ, «Бәйтерек Девелопмент» АҚ шарттары бойынша аталған бағдарламаға бұрын қатыспауы.
«Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасына (бұдан бұрын - Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы) және «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның тұрғын және коммерциялық (тұрғын емес) үй-жайларын, сондай-ақ машина орындарын өткізу тәртібіне сәйкес, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ жеке тұлғаға мынадай жағдайларда тұрғын үй-жайды бөлуден бас тартуға құқылы:
* Осы хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдаудың белгіленген мерзімінде талап етілетін құжаттарды ұсынбау.
* Сатып алу-сату шартын жасасу үшін қажетті соманы төлемеу.
Барлық сұрақтар бойынша келесі телефондар арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз: 8(7172) 57 55 11, 8-778-808-88-04 (Әлібек), 8-701-270-90-96 (Алмас)