Жұмыс комиссиясының құжаттарды тексеруі нәтижелері, пәтерлерді қарау, таңдау мерзімдері және Қызылорда қаласы Е. Демесинов көшесіндегі ТК-де 2 тұрғын үй-жайды сатып алу құқығымен жалдауға Түпкілікті кезектіліктегі Өтінім берушілермен шарттарға қол қою мер
«Samruk-Kazyna Construction» АҚ «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасына (бұдан бұрын - Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы), Жұмыс комиссиясының 27.04.2020 жылғы шешіміне сәйкес, Өтінім берушілердің құжаттарын тексеру нәтижелері, төменде көрсетілген пәтерлерді қарау және Шарттарға қол қою кестесіне сәйкес пәтерлерді қарау, таңдау мерзімдері және Қызылорда қаласы Е. Демесинов көшесіндегі ТК-де тұрғын үй-жайды сатып алу құқығымен жалға алуға үміткер ретінде тіркелген Түпкілікті кезектіліктің Өтінім берушілерімен шарттарға қол қою туралы жариялайды.
- ЖҰМЫС КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ:
- Қызылорда қаласы Е. Демесинов көшесіндегі ТК тұрғын үй-жайларды №1 түр бойынша сатып алу құқығымен жалға беру арқылы бөлудегі Түпкілікті кезектілік Өтінім берушілерінің тізімі Осы Хаттамаға № 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін;
- Қызылорда қаласы Е. Демесинов көшесіндегі ТК тұрғын үй-жайларды №2 түр бойынша сатып алу құқығымен жалға беру арқылы бөлудегі Түпкілікті кезектілік Өтінім берушілерінің тізімі Осы Хаттамаға № 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін;
- Негізгі кезектіліктегі Өтінім берушілер тұрғын үй-жайдан бас тартқан жағдайда, Қызылорда қаласы Е. Демесинов көшесіндегі ТК тұрғын үй-жайларды №1, 2 түр бойынша сатып алу құқығымен жалға беру арқылы бөлудегі Қосымша кезектілік Өтінім берушілерінің тізімі Осы Хаттамаға № 1, 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін;
- №3,4 қосымшаға сәйкес №1,2 түр бойынша Негізгі және Қосымша кезектілік тізімінен құжаттарды белгіленген мерзімде ұсынбаған Өтінім берушілердің өтінімдері жойылсын.
- ТҰРҒЫН ҮЙ-ЖАЙДЫ ҚАРАУ ЖӘНЕ ТАҢДАУ
Түпкілікті кезектіліктің Өтінім берушілері кестеде көрсетілген КҮН мен УАҚЫТТЫ қатаң сақтай отырып, Қызылорда қаласы, Е. Демесинов көшесі, 77А-үй, 14-пәтер (тел. +77078395579 Ғалымжан) мекен-жайына келу қажет.
Өзімен бірге:
- жеке куәліктің түпнұсқасы;
- сенімхаттың түпнұсқасы (негізгі өтініш беруші болмаған жағдайда);
- сенім білдірілген тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі (егер сенімхат бойынша болса) болу қажет.
Назар аударыңыз! Кесте бойынша келмеген Өтінім берушілердің кезегі жойылады.
Өтініш берушілер пәтерлерді таңдаудың жарияланған кестесінде белгіленген кезектілікке және уақытқа сәйкес жазбаша өтініш беру арқылы тұрғын үй-жайды таңдауға немесе тұрғын үй-жайды таңдаудан жазбаша бас тартуға тиіс. Өтінім беруші көрсетілген уақытта келмеген жағдайда, оның пәтерлерді қарау және таңдау кезектілігі жойылады және пәтерді таңдау құқығы кезектілік бойынша келесі Өтінім берушіге ауысады, олар жазбаша өтініш беру арқылы тұрғын үй-жайды таңдауды дереу жүзеге асыруға не тұрғын үй-жайды таңдаудан жазбаша бас тартуға міндетті.
Тұрғын үй-жайларды Жұмыс коммиссиясы бекіткен кезектілікке сәйкес таңдауға болады.
Тұрғын үй-жайды кестеде көрсетілген мерзімде таңдамаған Өтінім берушілер басымдықтан айырылады, бірақ пәтерлерді таңдау мерзімі аяқталғанға дейін (06.05.2020 ж. сағат 16.00-ге дейін) өтініш жасауына қарай, пәтерлердің осы түрі бойынша қалған пәтерден пәтер таңдауға құқылы.
- ТҰРҒЫН ҮЙ-ЖАЙДЫ САТЫП АЛУ ҚҰҚЫҒЫМЕН ЖАЛДАУ ШАРТЫНА ҚОЛ ҚОЮҒА ҚАТЫСТЫ:
Сатып алу құқығымен жалдау шартын жасау үшін, 1-ТҮР, 2-ТҮР Түпкілікті кезектіліктің Өтінім берушілерін 06.05.2020 жылы Қызылорда қаласы, Бұхарбай батыр көшесі, 34-үй мекен-жайы бойынша Абдиев Берик нотариусының кеңсесіне кестеде көрсетілген КҮНІ мен УАҚЫТТЫ қатаң сақтап, келуіңізді сұраймыз.
Құжаттарды ресімдеу және пәтерлерді беру процесінің кезектілігі мен кезеңдерін мұқият зерделеуді сұраймыз:
Сатып алу құқығымен жалдау шартын жасасу үшін сізге, сондай-ақ Өтінім берушінің және тең Өтінім берушінің жұбайымен (зайыбымен) және ЖТЖС есептеу кезінде табыстары мен шығыстары ескерілген отбасының барлық мүшелерімен (кәмелетке толмаған балалардан басқа) көрсетілген күні мен уақытта нотариустың кеңсесіне шарт жасасуға келу қажет, Өтінім берушінің жұбайы (зайыбы) келмеген жағдайда, белгіленген нысанға сәйкес сенімхат ұсыну қажет.
Өтінім беруші, тең Өтінім беруші (-лер) және отбасы мүшелері келмеген жағдайда, Сізге нотариалды куәландырылған сенімхатты ұсыну қажет (нысаны қоса беріледі).
Өзіңізбен бірге мынадай құжаттар болу керек:
- Өтінім берушінің, тең Өтінім берушілердің және ЖТЖС есептеу кезінде табыстары мен шығыстары ескерілген отбасы мүшелерінің жеке куәліктерінің түпнұсқалары;
- Өтінім берушінің, тең Өтінім берушілердің және ЖТЖС есептеу кезінде табыстары мен шығыстары ескерілген отбасы мүшелерінің неке қию куәліктерінің түпнұсқалары;
- 34000 теңге көлемінде ақшалай қаражат (шартты, некеде тұрмайтын нотариалды өтінішті, ерлі-зайыптылардың келісімін куәландыру үшін нотариустың қызметіне ақы төлеу және шартты тіркеу үшін мемлекеттік баж);
- Мүлікті қаражат (тұрғын үй-жайды 36 ай мерзімге) сақтандыру шартын жасау үшін:
– екі бөлмелі пәтерге-шамамен 41 000 теңге;
- үш бөлмелі пәтерге - шамамен 51 000 теңге ақшалай қаражат.
*Сома типі бойынша пәтердің ең үлкен ауданына сәйкес көрсетілген, пәтердің жалпы ауданына және төленетін бастапқы жарнаға байланысты сома азаю жағына қарай түзетіледі.
Тұрғын үй-жайды сатып алу құқығымен жалдаудың нотариаттық шарты жасалған кезде, компания менеджері төмендегі төлемдерді төлеу үшін Сізге түбіртек береді:
- Ағымдағы ай үшін алғашқы жалдау төлемі;
- Келесі айдағы жалдау төлемі;
- Кепілдік беру төлемі (3 жалдау төлеміне тең);
- Бастапқы жарна (Өтінім берушіде болған жағдайда);
- Мүлікті 36 ай мерзімге сақтандыру шартын жасау үшін түбіртек.
Назар аударыңыздар! Түбіртектерде көрсетілген соманы тұрғын үй-жайды сатып алу құқығымен жалдау шарты жасалған күнінен кейінгі келесі күннен 3 (үш) жұмыс күні ішінде төлеу қажет.
Шарт бойынша жалдау төлемдерін төлеу күні әр айдың 20 күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады. Мысалы, Шартқа 06.05.2020 жылы қол қойылды, 2020 жылғы мамыр айы үшін алғашқы жалдау төлемі шартқа қол қойылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей төленуі тиіс, 2020 жылғы маусым айы үшін жалдау төлемі 2020 жылғы 20 мамырдан кешіктірілмей төленуі тиіс, 2020 жылғы шілде айы үшін жалдау төлемі 2020 жылғы 20 маусымнан кешіктірілмей төленуі тиіс.
Назар аударыңыздар! Тұрғын үй-жайлар алғашқы жалдау төлемінің, келесі ай үшін жалдау төлемінің, кепілдік төлем мен бастапқы жарнаның (болған жағдайда) төленгенін растайтын түбіртектердің көшірмелері ұсынылған кезде ғана, сондай-ақ тұрғын үй-жайды 36 ай мерзімге сақтандыру шарты болған жағдайда ғана беріледі.
Сондай-ақ өзімен бірге Өтінім берушінің жеке куәлігі болуы керек.
Сұрақтар туындаған жағдайда келесі телефондар бойынша мамандарға хабарласуларыңызды сұраймыз: 8 (7172) 57-55-11.