Атырау облысындағы «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағындағы 310 МВт бу-газ турбиналы электр станциясы (БГТЭС)
«Karabatan Utility Solutions» ЖШС
Жоба «Атырау облысындағы Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағында стратегиялық маңызды жобаларды –полиэтилен және полипропилен өндіру зауыттарын электр энергиясымен және жоғары қысымды бумен қамтамасыз етуге бағытталған.
Бұдан басқа, аралас электр станциясы электр энергиясы көздері жоқ электр жүктемелерінің өсу өңірінде сенімді жабуды қамтамасыз етеді және өңірдің электр жүктемелерінің тәуліктік кестесінің ауыспалы бөлігін жабу үшін маневрлік қуат көзі ретінде пайдаланылуы мүмкін.
Құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды. 2019 жылдың қазан айынан бастап БГТЭС іске қосу-реттеу жұмыстары жүргізілді.
2019 жылдың қараша айында 4 (төрт) газ турбинасын іске қосу-реттеу жұмыстарының бірінші кезеңі аяқталды.
2019 жылғы 28 қарашада пайдалануға беру актісіне қол қойылды, газ турбиналары электр энергиясын өндіруді бастады.
2 (екі) бу турбинасын іске қосу-реттеу жұмыстарының екінші кезеңі аяқталды.
2020 жылдың қазан айында төрт кәдеге жаратушы қазандықта және екі бу турбинасында іске қосу-реттеу жұмыстары аяқталғаннан және БГТЭС-тің жобалық қуатқа шығуы бойынша кешенді тексеруден кейін БГТЭС 310 МВт жобалық қуатқа шықты.
Мердігермен БГТЭС түпкілікті қабылдау актісіне қол қойылды.
Қазіргі уақытта БГТЭС штаттық режимде жұмыс істейді.