"Самұрық-Қазына" АҚ шешімімен "Біріккен химиялық компания" ЖШС (қазіргі "Samruk - Kazyna Ondeu" ЖШС) және "Тараз химиялық паркі АЭА БК" АҚ, "Хим-плюс" ЖШС, "Karabatan Utility" ЖШС ұйымдарындағы  үлесі мен акциялары "Samruk-Kazyna Constructions" АҚ сенімгерлік басқаруға берілді.  

 Осыған байланысты Қоғам сенімгерлік басқаруға берілген компаниялардың барлық өндірістік-шаруашылық қызметін бақылайды, құрылыс барысын, баға мониторингін, қолданылатын материалдардың сапасын қадағалау үшін тиісті іс-шаралар жүргізеді, сондай-ақ орындалатын жұмыстардың мерзімдерін қадағалайды. Сенімгерлік басқару кезеңінде Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарлама шеңберінде мынадай құрылыс жобалары сәтті іске асырылды:

  • қуаттылығы 310 МВт, ӘЖ-220 кВ және ұзындығы 44 км 220/110/10 кВ ҚС бу-газ турбиналық электр станциясы,
  • ГТЭС инженерлік қамтамасыз ету нысандары,
  • ұзындығы 35 км су құбыры,
  • алаңішілік автожол,
  • су дайындау және ағынды суларды тазарту қондырғысы.

Қазір "Жалпы зауыттық инфрақұрылым" жобасы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде (I кезек).

2022 жылғы 22 қыркүйекте "Самұрық-Қазына" АҚ шешіміне сәйкес "ПГУ Туркестан " ЖШС "Samruk-Kazyna Construction"АҚ 100% сенімгерлік басқаруға берілді. Түркістан облысында жалпы қуаты 1000 МВт бу-газ қондырғысы базасында электр станциясын салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Түркістан облысында электр станциясын салудың ауқымды жобасы Мемлекет басшысы Қ. Қ. Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 10 шілдедегі кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша берген тапсырмасын орындау шеңберінде іске асырылуда.

Қуаты 1000 МВт-қа дейінгі бу-газ қондырғысы базасында электр станциясын салу елдің энергетикалық қауіпсіздігін арттырады, атап айтқанда энергия жетіспеушілігін азайтады, Орталық Азия (Өзбекстан, Қырғызстан) электр жүйесіндегі авариялық жағдайлардың Қазақстанға әсерін төмендетеді және әлеуметтік нысандардың өздігінен үздіксіз энергиямен қамтамасыз етілуіне мүмкіндік береді

Төрағасының блогы