• Тұрғын үй комиссиясы құжаттарды неше уақыт ішінде қарайды?

    «ФН Менеджмент» басқарушы компаниясы/Жылжымайтын мүлік қоры құжаттарды қабылдау және қарау нәтижелерін құжаттарды қабылдау және тексеру мерзімі аяқталғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей, сол мақсатта құрылған Тұрғын үй комиссиясына жолдайды. Тұрғын үй комиссиясы              5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Түпкілікті кезектілікті бекіту туралы шешім қабылдайды, слнымен қатар Негізгі және Қосымша кезектіліктің Өтінім берушілерін  алып тастау жағдайларының барлығын тіркейді. «ФН Менеджмент» басқарушы компаниясы/Жылжымайтын мүлік қоры Түпкілікті кезектілікті Тұрғын үй комиссиясы бекіткеннен кейін 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей жариялайды.

    Тұрғын үй комиссиясы Негізгі және Қосымша кезектілікте тұрған тұлғалардан құжаттарды қабылдау мерзіміні ұзартуға, сондай-ақ Өтінімдері күту режимінде тұрған тұлғалардан, соның ішінде олар құжаттарды қабылдаудың белгіленген мерзімі ішінде қабылдау мерзімін ұзарту туралы жазбаша өтініш берген жағдайда, құжаттарды қабылдау туралы жариялауға  құқылы. 

  • Пәтерді таңдау және тексеру туралы хабарландыру қанша уақыттан кейін жарияланды?

    Пәтерлерді қарау және таңдау жөніндегі ұсыныс, сондай-ақ пәтерлерді қарау кестесі мен таңдау уақыты басталатын мерзім келіп жеткенге дейін күнтізбелік 5 (бес) күн бұрын уақыттан кешіктірілмей жариялануы тиіс.

    Пәтерлерді қарау және таңдау үшін барлық Өтініш берушілерге пәтерлерді таңдау мерзімі белгіленеді, ол ұсыныс түскен, сондай-ақ пәтерлерді таңдау кестесі шыққан  күннен  бастап күнтізбелік 10 (он) күннен аспауы тиіс. Осы мерзім ішінде әрбір Өтініш беруші пәтер таңдаудың жарияланған кестесінде белгіленген кезектілік пен уақытқа сәйкес жазбаша өтініш беру жолымен тұрғын үй-жайды таңдауы немесе тұрғын үй-жайды таңдаудан жазбаша түрде бас тартуы тиіс.

    Басқа жағдайда, кестеде белгіленген уақыт өткеннен кейін Өтініш берушінің пәтерлерді қарау және таңдау кезектілігі жойылады және оны таңдау құқығы кезектілік бойынша келесі Өтініш берушілерге ауысады.

  • «Нұрлы Жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй операторы кім болып табылады?

    2017 жылдан бастап Қазақстанда тұрғын үй құрылысын іске асыру "Нұрлы Жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.

    "Нұрлы Жер" бағдарламасын іске асырудың негізгі операторлары "Samruk-Kazyna Construction" АҚ (бұрын - Жылжымайтын мүлік қоры), "Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" ИҰ" АҚ, "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ, жергілікті атқарушы органдар болып табылады.

Төрағасының блогы