ГТЭС инженерлік қамтамасыз ету объектілері: Инженерлік желілер дәлізі. Сыртқы сумен жабдықтау. Су дайындау және сарқынды суларды тазарту қондырғылары
Жобаның негізгі компоненттері:
- Өндірістік-өртке қарсы су – тәулігіне 650 м3;
- Тұзсыздандырылған су – тәулігіне 9 120 м3;
- Деминерализацияланған су – тәулігіне 1 422 м3;
- Ағынды суларды тазарту (химиялық ластанған, құрамында мұнайы бар, нөсер және шаруашылық-тұрмыстық) – тәулігіне 9 426 м3;
- Ұзындығы 31 км өзен суын таратқыш;
- ГТЭС инженерлік қамтамасыз ету объектілері және инженерлік желілер дәлізі.
Құрылыстың басталуы – 2018 жылғы желтоқсан
Құрылыстың аяқталуы – 2021 жылдың 4 тоқсаны.
Жобалау, сараптама және қорытынды алу
- 1-жұмыс «Инженерлік желілер дәлізі». «Мемсараптама» РМК 15.10.2019 ж. №01-0409/19 оң қорытындысы алынды.
- 2-жұмыс «Сыртқы сумен жабдықтау». 03.09.2019 ж. № 01-0338/19 «Мемсараптама» РМК оң қорытындысы алынды.
- 3-жұмыс «Су дайындау». «3-жұмыс. Су дайындау (УВПиОС)», Жоба сатысы» жобасы бойынша «Мемсараптама» РМК-ның 31.12.2019 ж. №01-0566/19 оң қорытындысы алынды. «Жұмыс құжаттамасы» кезеңінің ЖСҚ әзірлеу 100% аяқталды.
Құрылыс:
1-жұмыс. ГТЭС инженерлік қамтамасыз ету объектілері. Инженерлік желілер дәлізі, 1-ші кезек. 09.11.2021 ж. пайдалануға берілді;
2-жұмыс. Сыртқы сумен жабдықтау, 1-ші кезек. 29.04.2021 ж. пайдалануға берілді;
3-жұмыс. Су дайындау және сарқынды суларды тазарту қондырғысы, 1-ші кезек. 28.12.2021 ж. пайдалануға берілді.