2023 жылғы 26 қаңтарда Мемлекет Басшысы Қ.Қ. Тоқаевтың бастамасымен «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде, сондай-ақ отандық бизнеспен диалогты тереңдету мақсатында «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов «Атамекен» ҚР ҰКП төралқа төрағасы Раимбек Баталовпен «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасын іске асыру мәселелері бойынша кездесу өткізді.

    Кеңес барысында тараптар Ұлттық жобаның кезеңдерін орындаудың ұйымдастырушылық және құқықтық мәселелерін талқылады. Кездесуге қатысушылар ашық мәселелер бойынша уағдаластыққа қол жеткізді, сондай-ақ Ұлттық жобаны іске асыру және ынтымақтастықтың барлық қаралған бағыты бойынша тығыз өзара іс-қимылды жалғастыру бойынша бірлескен жұмысты жандандыруға дайын екенін білдірді.

     Сондай-ақ, осы бағыт бойынша жұмыс Ұлттық палата мен Samruk-Kazyna Construction өңірлік филиалдарының қатысуымен күшейтілетін болады.

   «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы орта білім беру ұйымдарындағы апатты нысандарды, үш ауысымды оқытуды және оқушы орындарының тапшылығын жоюға бағытталған. Осы Ұлттық жобаны іске асырудың арқасында республикада барлық заманауи талаптарға жауап беретін 800 мыңнан астам оқушы орны құрылатын болады.

    2023-2025 жылдар ішінде қалаларда да, ең шалғай елді мекендерде де салынатын оқушылар арналған жоғары қолайлы жағдайлары қарастырылған 400-ге жуық мектеп салып, пайдалануға беру жоспарлануда.

   Жаңа жайлы мектептердің басты айырмашылықтары құрылыстың бірыңғай стандартын сақтау, қадамдық қолжетімділікті қамтамасыз ету, балалардың қауіпсіздігін арттыру шаралары, қазақстандық өндірістің құрылыс материалдары мен жабдықтарын қолдану, пәндік кабинеттермен және зертханалармен толық жарақтандыру, кіші және жоғары сынып оқушылары үшін бөлек оқу блоктары мен спорт залдарының болуы, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін қажетті жағдайлар және т. б. болады.

   Осы мектептердің құрылысы кезеңінде құрылыс барысын мониторингілеу үшін ақпараттық жүйе, бейнетрансляция және құрылыс алаңдарының фото есептері функциясы бар интерактивті карта жұмыс істейтін болады.

   Осы шаралардың барлығы балаларды оқушы орындарының қажетті санымен қамтамасыз етуге, қала мен ауылдық жерлер арасындағы айырмашылықты қысқартуға, сондай-ақ білім беру объектілерін салу 2025 жылға қарай 100 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Төрағасының блогы