«Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру  аясында SAMRUK-KAZYNA CONSTRUCTION жаңа қызметкерлерді жұмысқа қабылдауды жалғастыруда. Барлығы 253 жаңа бос жұмыс орны ашылды. Қазіргі уақытта штатқа 70 адам қабылданды.

Компанияға бухгалтерлер, қаржыгерлер, құрылыс саласындағы мамандар, заңгерлер, аудармашылар және басқа да мамандар қажет. Толық бос жұмыс орындары тізімімен, іріктеу шарттарымен және біліктілік талаптарымен Қазақстанның жетекші жұмыс берушілері өз бос орындарын орналастыратын QSamruk.kz рекрутинг платформасында танысуға болады.

Сілтеме мына жерде: https://qsamruk.kz/company/joint-stock-company-samruk--kazyna-construction

Үміткерлер порталда тіркеліп, түйіндемені толтырып, қызығушылық танытқан бос орынға жауап беруі керек. Сондай-ақ, Samruk-Kazyna Construction және басқа компаниялардың барлық бос жұмыс орны пайдаланушылар үшін толықтай тегін мобильді қосымшада қолжетімді.

«Жайлы мектеп» - бұл ел бойынша жаңа, жайлы және заманауи оқу орындарын салу арқылы апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін толық шешуге мүмкіндік беретін ұлттық жоба.

Ұлттық жобаны сәтті жүзеге асыру арқылы білім беру сапасы жақсарып қана қоймай, жұмыссыздық сияқты маңызды әлеуметтік мәселені аз да болса шешуге үлес қосады. Айта кету керек, компания жастарды жұмысқа орналастыруға ерекше көңіл бөледі. Бос жұмыс орындарын құру кезінде олардың да мүдделері ескерілді.

Кез-келген жобаның, соның ішінде "Жайлы мектептің" табыстылығын екі маңызды шарт бойынша бағалауға болады: іске асыру сапасы және қоғамға пайдасы. Екеуін де қамтамасыз ету үшін, ең алдымен, мықты кадрлар қажет.

Төрағасының блогы