Солтүстік және шығыс өңірлердегі «Жайлы мектептер» аумағында хоккей корттары ашылады, ал мектептердің жертөле қабаттарында киім-кешек кептіретін бөлмелер болады.

17 мамырда «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов Астанадағы «Жайлы мектептер» салынатын сегіз жер учаскесін аралап, жұмыс барысымен танысты. Олар келесі мекен-жай бойынша орналасқан:  

  1. Е699 көшесі ауданы
  2. Тельман тұрғын алабының оңтүстігінде
  3. Ш. Қалдаяқов пен А-30 көшелерінің қиылысында
  4. А-102 және А-104 көшелерінің қиылысында
  5. Көктал тұрғын алабын, Ұлытау және Наурыз көшелерінің қиылысында
  6. Үркер тұрғын алабы, Наурызбай батыр және Исатай батыр көшелерінің қиылысында
  7. E127, E368, E418 және E535 көшелері ауданы
  8. С-189 және 12-207 көшелері ауданы

Елордада тұрғындарының жыл сайын артуына байланысты жаңа оқу орындарына сұраныс артып келеді. Мысалы, С-189 и 12-207 көшелерінің қиылысында 3500 пәтерлік тұрғын үй кешендері салынды, бірақ жақын арада мектеп жоқ. Ұқсас жағдай Ш. Қалдаяқов пен А-30 көшелерінің қиылысында байқалады.

«Жайлы мектептер» оқушы орындарының тапшылығын және үш ауысымды мектептердің жүктемесін азайтады. Бас мердігерлерлер нысандарды 2024 жылдың аяғына дейін тапсыруды жоспарлап отыр. Бұл мектептерде 2000-ға дейін оқушы білім ала алады.

Қаланы аралау барысында SK Construction Басқарма Төрағасы құрылыс компанияларының дайындығымен және құрылыстың бастапқы бас жоспарларымен танысты. Мектептерде кіші және жоғары сыныптарға арналған жеке спорт залдар мен асханалар болады. 

М. Айманбетов өрт сөндіру автомобильдерінің мектептің кез келген учаскесіне еркін өтуі үшін ғимараттарды жобалау кезінде өрт қауіпсіздігі техникасының сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Сондай-ақ, мектеп аумағын тиімді пайдалануға ерекше назар аударылды. Тельман тұрғын алабының оңтүстігінде және Үркер тұрғын алабында орналасқан «Жайлы мектептер» аумағында хоккей кортын ашуды жоспарлап отыр, оған тек оқушылар ғана емес, бос уақытта тұрғындар да бара алады. Үркердегі мектептің жанындағы іргелес шағын учаскіде алаң ашылады.

Білім беру инфрақұрылымын дамыту жоспарына сәйкес Астана қаласында 23 мектеп салу көзделген. Оның ішінде 22 мектеп 2024 жылы пайдалануға беріледі, 1 мектепті жергілікті атқарушы орган тауар ретінде сатып алу тетігі арқылы салатын болады.

Бірінші кезеңде 15 мектеп бойынша конкурс жарияланды және конкурс қорытындысына сәйкес барлық лот бойынша жеңімпаздар анықталды. Қалған 7 лот бойынша конкурс екінші кезеңде өткізіледі.

Конкурстан өткен компаниялар оқу орындарын жобалау кезеңіне кірісті. Жобалаумен қатар құрылыс жоспарланған жер учаскелерінде дайындық жұмыстары басталады. 

Естеріңізге сала кетейік, «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы елордада, мегаполистерде, облыс орталықтарында, шағын қалалар мен ауылдарда оқу орындарының тапшылығын шешуге бағытталған.

 

Төрағасының блогы