Samruk-Kazyna Construction жұмысының маңызды бағыттарының бірі – құрылыс саласындағы инвестициялар. Қосымша қаржыландыруды қажет ететін дайын жобалары бар кәсіпкерлер мен құрылыс компаниялары Қоғамның серіктесі бола алады. Мұндай серіктестік қаншалықты тиімді? Қандай жобаларды инвестициялауға басымдық беріледі және өтінішті қалай беруге болады – толығырақ осы материалда.

Инвестицияны кім ала алады?

Құрылыс саласында коммерциялық жобасы бар компаниялар SK Construction-нан  инвестиция тарта алады. Қоғам инвестициялық кіріс алу мақсатында тиімді жобаларға ақша салуға дайын. Мұндай серіктестіктен құрылыс компаниясы да, Қоғам да пайда көреді.

SK Construction қандай жобаларға инвестиция салады?

1.       Тұрғын үй кешендерінің құрылысы

2.      Еліміздің өңірлері мен мегаполистеріндегі тұрғын үй кешендері.

3.      Ескі тұрғын үйді жаңарту бағдарламасы

Ескі және апатты үйлерді бұзып, орнына заманауи тұрғын үй кешендерін салу. Құрылыс салушы тұрғындармен өзі келіседі және бізге дайын жобаны ұсынады.

Зауыттар мен кәсіпорындар салу

Импортты алмастыру мақсатында құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорындарды инвестициялау.

Инвестициялар сомасының мөлшері

Жыл сайын SK Construction жоғарыда көрсетілген үш бағыт бойынша шамамен 20 млрд теңге инвестициялайды. Жеке жобалар бойынша инвестициялар сомасы оның құнына байланысты әртүрлі болуы мүмкін.

Құрылыс компаниясы жобаның жалпы құнының кем дегенде 20% өзі инвестициялауы керек, қалған соманы Қоғам беруге дайын.

Жұмыс тәртібі

* Құрылыс компаниясы Samruk-Kazyna Construction-ға жобаны инвестициялау туралы ұсыныспен бірге құжаттарды жібереді;

* Инвестициялық жобалар департаменті тәуекелдерді басқару қызметімен, жобалаушылармен және заңгерлермен бірге ұсынысты қарастырады. Жобаның қаншалықты табысты, тиімді екені, іске асыру мерзімдері ескеріледі;

* Егер жоба коммерциялық тұрғыдан тиімді болмаса, онда Қоғам оны инвестициялаудан бас тартады. Басқа жағдайда қорытынды шешім шығару үшін мәселе басқарма отырысында талқыланады.

Жобаларды іріктеудің негізгі критерийлері

1.       Құрылыс компаниясының жобаны іске асыру үшін жер учаскесінің болуы;

2.      Құрылыс салушының I-II санаттағы мемлекеттік лицензиясы болуы;

3.      Еңбек ресурстары мен техникасының болуы;

4.      Құрылыс салушының жобаға қатысу үлесі кемінде 20% құрауы тиіс;

5.      Соңғы 3 жыл ішінде елордада және мегаполистерде ауданы 40 мың м2 кем емес нысандарды салу тәжірибесі болу керек (өңірлерде – 20 мың м2 кем емес);

6.      Салықтар бойынша берешектің болмауы;

7.      Құрылыс материалдарын өндіру саласындағы жобалар үшін импортты алмастыру, технология трансферті және инновация мәселелеріне басымдық беріледі;

8.     Қоғам өнеркәсіптік жобаға үлескер болу мүмкіндігін қарастыра алады. Бұл ретте жобадағы бастамашының үлесі кемінде 51% құрауы тиіс;

Шарттар

* Инженерлік желілерге қосылуға арналған қолданыстағы техникалық шарт пен мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алған жобаның дайын жобалау-сметалық құжаттамасы (ЖСҚ) болуы керек. Қаржыландыруға жүгінетін құрылыс компанияларының көбінің тек идеясы мен жер учаскесі ғана бар. Алайда, біз мұндай жобаларды қарастырмаймыз.

*Құрылыс компаниясы жобаны толығымен жүзеге асырады және барлық тәуекелдерге жауап береді. SK Construction операциялық қызметке араласпайды.

Кіріс туралы

Samruk-Kazyna Construction жоба іске асырылғаннан кейін тұрақты табыс немесе дивидендтер алады. Бізде пайыздық мөлшерлемелер мен үйреншікті төлем кестесі жоқ.

Біз үшін Қоғам инвестицияларының кірістілік коэффициенті (ROI) 25% төмен емес жобалар тартымды болып саналады. Мысалы, 100 теңге инвестициялау кезінде таза пайда 25 теңгеден кем болмауы тиіс.

Сондай-ақ, оң NPV (NPV-таза ағымдағы құн)міндетті болып табылады;

IRR жоба капиталының орташа өлшенген құнынан жоғары болуы керек. Қазіргі уақытта ол 15,2% құрайды (IRR – ішкі кірістілік нормасы).

Өтінішті қалай беруге болады?

Іріктеу критерийлерінің, қатысу шарттарының және қажетті құжаттардың толық тізімін компанияның сайтында төмендегі сілтеме бойынша «Инвесторлар» бөлімінен табасыз: https://skcn.kz/ru/news/poryadok-otbora-i-rassmotreniya

Келесі жылдан бастап талаптар айтарлықтай жеңілдетіледі деп жоспарлануда. Бұл инвестициялық жобалардың санын арттыруға мүмкіндік береді.

Төрағасының блогы