2022 жылғы 31 наурызда «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Директорлар кеңесінің бетпе-бет отырысы өтті, оның шеңберінде «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Жарғысына, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Директорлар кеңесі туралы ережесіне, Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңына сәйкес бірқатар мәселелер талқыланды.

Директорлардың талқылауына «Samruk-Kazyna Construction» АҚ корпоративтік басқаруды жетілдіру жөніндегі 2021 жылға арналған Жоспардың орындалуы туралы ақпарат берілді және 2022-2023 жылдарға арналған аталмыш Жоспар бекітілді.

Отырыстың күн тәртібі аясында «Samruk-Kazyna Construction» АҚ коммерциялық (тұрғын емес) жылжымайтын мүлікті басқару жөніндегі 2021 жылғы қызметі туралы есеп қаралды.

Директорлар кеңесі «Samruk-Kazyna Construction» АҚ кадр саясатын іске асыру және 2021 жылға Кадр саясаты бойынша орындау барысын қарады. Кадрлық саясатпен қатар, Басқарма Төрағасы мен Қоғам Басқармасы мүшелерінің 2022 жылға арналған жеке даму жоспарларын бекіту және олардың 2021 жылға орындалуы талқыланды.

Сондай-ақ, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ омбудсменін тағайындау мәселесі қаралды.

Отырыс соңында ««Samruk-Kazyna Construction» АҚ мүдделер қақтығысын реттеу саясатын жаңа редакцияда» бекіту туралы шешім қабылданды.

Төрағасының блогы