2022 жылғы 25 мамырда сағат 11:30-да М.З. Айманбетов ZOOM платформасында онлайн форматта кезекті азаматтарды жеке қабылдауын өткізді.

Естеріңізге сала кетейік, осы форматта онлайн кездесу ағымдағы жылдың сәуір айының соңында өтті, мұндай кезеңділік жеке өтініштердің көп жинақталғанын көрсетеді, олардың көпшілігін «Samruk-Kazyna Construction» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) Бірінші Басшысының жеке қатысуы арқылы ғана шешіледі.

Алматы қаласындағы «Шұғыла» тұрғын үй кешенін Жалға алушы М.З. Айманбетовке Мүлік иелерінің бірлестіктері (МИБ) құруға қатысты сұрақтармен, сондай-ақ тұрғын үй массиві аумағында көлік қою мәселесін шешуге жәрдемдесумен жүгінді.

Бір өтініш білдіруші Ақтау қаласында 32а тұрғын үй кешенінің марқұм Жалға алушысының қызы екенін айттып, марқұмның балаларының атына меншік құқығын рәсімдеуге көмек көрсетуді сұрады.

Ақтау қаласының тұрғыны екінші рет сату мәселесін шешу туралы өтінішінде күрделі мәселемен .

Барлық өтініш берушілерге жеке қабылдау барысында қажетті консультативтік көмек көрсетілді. Қоғам Басқармасының Төрағасы әрбір азаматтың мәселелерін қарап, жедел шешуге тырысты. Мұқият зерттеуді қажет ететін сұрақтарды ол жеке бақылауына алды.

Қабылдау қорытындысы бойынша Хаттама жасалды, оның негізінде Қоғамның жауапты қызметкерлері белгіленген мерзімде ҚР заңнамасы аясында жан-жақты көмек көрсетеді.

Сонымен қатар, М.З. Айманбетов болашақта осы мәселелерді болдырмау мақсатында, Жалға алушыларды «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басшылығына жүгінуге итермелеген жағдайлардың туындау себептері бойынша талдау жүргізуді тапсырды.

Төрағасының блогы