2022 жылғы 29 маусымда «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма Төрағасы М.З. Айманбетов «Самұрық-Қазына» Қоры ұйымдастырған алғашқы жыл сайынғы Health & Safety Форумына қатысты.

Форумның мақсаты – озық тәжірибелермен алмасу, бар мәселелерді талдау, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында жаңа ірі сараптама алаңын құру.

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы А.М. Сәтқалиев құттықтау сөзінде қатысушылармен бүгінгі таңда Қор тобында еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік бағыты бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың нәтижелерімен бөлісті, сондай-ақ 2022-2026 жылдарға арналған сын-тегеуріндерді атап өтті.

Форум жұмысына мемлекеттік органдардың өкілдері, «Самұрық-Қазына» АҚ тобының өндірістік компанияларының топ-менеджерлері, халықаралық ұйымдардың өкілдері және тәуелсіз сарапшылар қатысты.

Іс-шара барысында М.З. Айманбетов Қор тобының 13 ірі компаниясының Бірінші Басшыларымен бірге Health & Safety саласында жеке міндеттемелерге қол қойды.

«Samruk-Kazyna Constraction» АҚ қызметкерлердің денсаулығын сақтау және еңбек жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жан-жақты бар күш-жігерін салады.

 

Төрағасының блогы