2022 жылғы 23 желтоқсанда Қоғамның Директорлар кеңесінің Төрағасы Мұхтар Тәжіғалиевтің төрағалығымен «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Директорлар кеңесінің (бұдан әрі – Қоғам) бетпе-бет отырысы өтті. Отырыстың күн тәртібі аясында 17 сұрақ қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

   Директорлар кеңесі мүшелерінің талқылауына «Самұрық-Қазына» АҚ реформалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын орындау мақсатында кеңейтілген жол картасын іске асыру мәртебесі бойынша есеп берілді.

   Отырыстың шеңберінде Қоғамның 2023 жылға арналған тәуекелдер тіркелімі және картасы, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның 2023-2025 жылдарға арналған ESG енгізу жоспары, Қоғамның ішкі аудит қызметінің 2023 жылға арналған жылдық аудиторлық жоспары бекітілді.

   Директорлар кеңесі «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның еңбекті қорғау, қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласындағы 2022 жылдың 10 айының нәтижелері бойынша есепті назарға алды.

   Соңында Директорлар кеңесінің Төрағасы Мұхтар Тәжіғалиев отырысқа қатысушыларға 2022 жылы атқарған жұмыстары үшін алғыс айтты. Өз кезегінде, Қоғамның Басқарма Төрағасы Мәулен Айманбетов Директорлар кеңесінің мүшелеріне Қоғамның қол жеткізген нәтижелеріне жоғары баға бергені үшін ризашылығын білдірді.

Төрағасының блогы