2022 жылғы 15 шілдеде «Samruk-Kazyna Construction» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Басқарма Төрағасы Мәулен Зарлықұлы Айманбетов Алматы облысының Әкімі Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиевпен кездесті. Кездесуге Қонаев қаласының Әкімі және Алматы облысы әкімдігінің тиісті басқармаларының бастықтары қатысты. 

Кездесу барысында Қонаев қаласының тұрғын үй құрылысының, абаттандырудың және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етудің ағымдағы жай-күйі туралы пікір алмасылды. Ескі тұрғын үй қорын жаңарту (реновация) бағдарламасын іске асыру мәселесі қаралды. 

Қонаев қаласы әкімдігінің тиісті бағдарламаларына Қоғамның қатысуы және құрылыс салу жоспары шеңберінде тұрғын үй құрылысы бойынша бірлескен жұмысты жандандыруға өзара дайындық білдірілді. 

Алматы облысының Әкіміне Қоғам «Али-Нұр Транс» ЖШС және «KazSMU» ЖШС құрылыс компанияларымен бірлесіп, аумағы 48 мың шаршы метрді құрайтын көппәтерлі үйлердің құрылысын жоспарлап отырғаны туралы хабарланды.

Диалогта маңызды әлеуметтік нысандарды салу бойынша шаралар жүргізу мәселесіне ерекше орын берілді. Атап айтқанда, Абай атындағы гуманитарлық мектеп-интернат салу. Қазіргі уақытта Қоғам ҚР Білім және ғылым министрлігімен келіссөздер жүргізуде.

Кездесу соңында қатысушылар ынтымақтастықтың барлық қарастырылған бағыттары бойынша белсенді өзара іс-қимылды жалғастыруға келісті. 

Төрағасының блогы