Ағымдағы жылдың 18 шілдесінде Басқарма Төрағасы «Samruk-Kazyna Construction» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) бейне конференц байланыс форматында аппараттық кеңес өткізді, онда Басқарма Төрағасының орынбасарларына, құрылымдық бөлімшелердің басшыларына, Қоғамның өңірлік өкілдеріне және техникалық қадағалау сарапшыларына тапсырмалар берді.
Кеңес техникалық қадағалау сарапшыларының жұмысын талқылаудан басталды. Қоғамның Басқарма Төрағасы жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының сапасына теріс баға беріп, тұрғын үй нысандары құрылысының сапасына заманауи стандарттарға жауап беретін жоғары талаптар қойылуы тиіс екенін атап өтті.
М.З. Айманбетов комиссия жұмысының қорытындыларымен, сондай-ақ «Ақкент» және «Qazyna» нысандары бойынша Алматы қаласына жұмыс сапарының нәтижелерімен бөлісті. Қоғамның Басқарма Төрағасын осындай аралау сапары дәстүрге айналады. Осылайша, техникалық қадағалауға қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғауды сақтауды, құрылыс мәдениетін сақтауды тапсырды және бейне бақылау, жұмыс комиссиясының ескертулерін түзету бойынша міндеттер қойды.
Кеңесте М.З. Айманбетовке хаттамалық тапсырмалардың орындалуы туралы есеп ұсынылды, Қоғам қызметінің мәселелері егжей-тегжейлі қаралды.
Соңында Қоғам Басқармасының Төрағасы барлық қызметкерлерді өздерінің лауазымдық міндеттерін орындауға жауапкершілікпен қарауға және берілген тапсырмаларды уақтылы орындауға шақырды.
Төрағасының блогы