Ақтөбе қаласында 560 отбасы тұратын «Юнис Сити» тұрғын үй кешені орналасқан.

  «Жилой комплекс «Юнис Сити» мүлік иелерінің бірлестігі (бұдан әрі – МИБ) өз қызметін 2020 жылғы 25 қарашадан бастады. Ақтөбе қаласы бойынша тіршілік ету саласындағы үлгілі тұрғын үй кешені болып табылатының ерекше атап өту жөн.

  «Samruk-Kazyna Construction» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) Басқарма Төрағасы М.З. Айманбетовтың «Жилой комплекс «Юнис Сити» МИБ-тің өкілдерімен кездесуі аясында іргелес аумақта тротуар құрылғысын монтаждау, тас жиектер құрылғысы, балалар ойын алаңын монтаждау, сондай-ақ 7 кіреберістің шатырын жөндеу туралы мәселелер көтерілді. Осылайша, Қоғамның Активтерін пайдалану және сату департаменті жоғарыда аталған проблемалық мәселелерді пысықтады.

  Жөндеу жұмыстарын толық аяқтау қорытындысы бойынша Қоғам атына «Юнис Сити» тұрғын үй кешенінің Жалға алушылары мен барлық тұрғындарының атынан алғыс хат келіп түсті.

Төрағасының блогы