2023 жылғы 24 ақпанда сағат 12:00-да «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма Төрағасы Мәулен Айманбетов Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлымен кездесті.

Кеңес барысында білім, құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармаларының басшылары қатысып, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру бойынша бірінші кезектегі шаралар талқыланды. Атап айтқанда, жер телімдерін бөлу, инженерлік коммуникацияларды жүргізу, сондай-ақ құрылыс материалдары мен жабдықтарын жергілікті өндірушілердің қатысуы мәселелері қаралды.

Ұлытау облысында жаңа форматтағы 7 білім беру ордасын салу жоспарлануда, оның 3-і ауылдық жерлерде болады. Samruk-Kazyna Construction (ұлттық жобаның нысаналы құрылысы Дирекциясы) 2024 жылы 1 мектептің, 2025 жылы 6 мектептің құрылысын аяқтауды көздеп отыр.

Сондай-ақ, Жезқазған және Сәтбаев қалаларындағы ескі тұрғын үй қорын жаңарту (реновация) бағдарламаларын іске асыруға Samruk-Kazyna Construction қатысу мүмкіндіктері қарастырылды.

Төрағасының блогы