2023 жылғы 25 ақпанда сағат 11:30-да «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма Төрағасы Мәулен Айманбетов Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаровпен «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасын іске асыру мәселелері бойынша кездесті.

Жиналыс аясында жер телімдерін ресімдеу мәртебесі, инженерлік коммуникациялар жүргізу, мектептерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды.

Солтүстік Қазақстан облысында 2023-2025 жылдары ұлттық жоба аясында 4 мектеп салу көзделген.

Samruk – Kazyna Construction ұлттық жобаның нысаналы құрылыс Дирекциясы бола отырып, 2024 жылы 2 мектептің, ал қалған 2 мектептің құрылысын 2025 жылы аяқтауды жоспарлап отыр.

Төрағасының блогы