2023 жылғы 24 ақпанда «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқармасының бетпе-бет отырысы өтті.

Отырыс барысында Басқарма мүшелері Қонаев қаласында орналасқан «Маяк» тұрғын үй кешенінің құрылысы» инвестициялық жобасын мақұлдау және «Іске асыру» кезеңіне көшу туралы оң шешім қабылдады. Тұрғын үй кешенінің ауданы шамамен 14 мың шаршы метрді құрайды.

Қонаев қаласы Алматы облысының жаңа әкімшілік орталығына айналып, халықтың белсенді ағынын назарға ала отырып, SK Construction осы көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысына инвестиция салуға ниетті.

Отырыста SK Construction қызметіне қатысты басқа да мәселелер қаралды.

Төрағасының блогы