2023 жылғы 28 ақпанда сағат 10:00-де Атырау қаласында жұмыс сапары барысында «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма Төрағасы Маулен Айманбетов Маңғыстау облысының әкімі Серік Шапкеновпен кездесті. Сонымен қатар, кеңес жұмысына Атырау қаласының әкімі Мейірім Қалауи, құрылыс, білім басқармаларының басшылары, облыстық инженерлік-коммуналдық қызметтердің өкілдері және мердігер ұйымдар қатысты.

Кеңес барысында «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасын іске асыру бойынша өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, мектептерді жобалау және салу үшін жер телімдерін ресімдеу, сәулет-жоспарлау тапсырмаларын, оның ішінде құрылыс кезеңіне уақытша техникалық шарттарды беру.

Өз кезегінде, Маулен Айманбетов кездесуге қатысушыларды құрылысқа және «дайын күйінде тапсыру» жобалауға арналған кешенді жұмыстарды сатып алу бойынша конкурстық құжаттамаға қойылатын талаптармен таныстырды. Жергілікті компанияларға басымдық беру бойынша шарттарына егжей-тегжейлі тоқталды.

Кездесу қорытындысы бойынша бизнес-қоғамдастық өкілдері қызықтырған барлық сұрақтарына жауап алды, сондай-ақ «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде кешенді жұмыстарды сатып алу бойынша конкурстық құжаттамаға өз ұсыныстарын айтты.

«Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында Атырау облысында 12 мектеп салу жоспарлануда, оның 3-і ауылдық жерлерде. «Samruk-Kazyna Construction» АҚ ұлттық жобаның нысаналы құрылысы жөніндегі дирекция бола отырып, 2023 жылы 9 мектеп салуға кіріседі, ал 2024 жылы тағы 3 мектеп құрылысын бастайды.

Төрағасының блогы