2023 жылғы 6 наурызда сағат 11.00-де «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма Төрағасы Маулен Айманбетов өңірлерге жұмыс сапарларын жалғастырып, Талдықорған қаласында облыс әкімі Бейбіт Исабаевпен кездесті.

Кездесу барысында «Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасының негізгі бағыттары талқыланып, Мемлекет Басшысының тапсырмасын сапалы және белгіленген мерзімде іске асыру мәселелері қаралды.

Бұдан әрі облыс әкімінің орынбасары Әлібек Жаханбавтың төрағалығымен кеңейтілген кеңес өтті, оның жұмысына құрылыс, білім беру, экология, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, сәулет және қала құрылысы басқармаларының басшылары қатысты.

Басқосуда жер телімдерін ресімдеу, инженерлік коммуникацияларды жүргізу мәселелері егжей-тегжейлі қаралды, сондай-ақ құрылыс пен «дайын күйінде тапсыру» жобалау мен құрлысқа арналған кешенді жұмыстардың әлеуетті мердігерлеріне қойылатын жаңа шарттар мен талаптар бойынша түсініктеме берілді.

Анықтама: 2025 жылға қарай Жетісу өңірінде «Жайлы мектеп» пилоттық Ұлттық жобасы аясында 10 мектепті пайдалануға беру жоспарлануда, оның 7-уі қалада, 3-уі облыста орналасады.

Төрағасының блогы