Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде, сондай-ақ отандық бизнеспен диалогты тереңдету, сатып алу процесінің ашықтығын қамтамасыз ету, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асырудағы отандық бизнес қатысушылары үшін кедергілерді болдырмау мақсатында келесі жұмыстар атқарылды:

  1. Samruk-Kazyna Construction онлайн сатып алу платформасы құрды және пайдалануға енгізілді (https://skcn.qaz.network/). SK Construction веб-порталды пайдалана отырып, ерекше тәртіпті сатып алулар жүргізуде. Басқа тапсырыс берушілер аталмыш сатып алудың ерекше тәртібін қолданатын сатып алу рәсімдерін тек қағаз форматта жүзеге асырады.
  2. 2023 жылғы 10 ақпанда Болат Жәмішевтің төрағалығымен «Самұрық-Қазына» қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Кеңес мүшелері, мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҰКП және қауымдастықтардың өкілдері, сондай-ақ сыртқы сарапшылар мен қоғам белсенділері «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын талқылады.
  3. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде жобалауға және құрылысқа арналған «дайын күйінде тапсыру» кешенді жұмыстарды сатып алу бойынша конкурстық құжаттаманы ашық алдын ала талқылау өтті. Бизнес-қоғамдастықтан түскен 227 өтініш өңделді.
  4. Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап SK Construction Басқарма Төрағасы Маулен Айманбетов «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталовпен, «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркеновпен «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасын іске асыру мәселелері бойынша кездесулер өткізді. Сондай-ақ, тұрақты негізде SK Construction қызметкерлері «Атамекен» ҰКП өкілдерімен кеңестер өткізді.
  5. 2023 жылдың 15 ақпанынан бастап Маулен Айманбетов Қазақстанның барлық өңірлеріне жұмыс сапарымен қысқа мерзімде барды. Облыс және қала Әкімдерімен, жауапты басқармалардың басшыларымен және мердігер ұйымдардың өкілдерімен кездесті. Кеңестерде мердігерлерге қойылатын біліктілік талаптары және жергілікті құрылыс материалдарын өндірушілердің «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыруға қатысу шарттары бойынша түсініктеме берді. Кездесулер барысында бизнес-қоғамдастықтың ұсыныстары қаралды.
  6. Онлайн (ВКС) консультациялар, E-otinish және Басқарма Төрағасының блогына өтініштерді өңдеу арқылы бизнес-қоғамдастықпен кері байланыс қамтамасыз етілді.
  7. «Атамекен» ҰКП-ның екі өкілі ерекше тәртіпті пайдалана отырып, конкурс тәсілімен «дайын күйінде тапсыру» құрылыс және жобалау бойынша кешенді жұмыстарды сатып алу конкурстық комиссиясының мүшелері болды.
  8. «Атамекен» ҰКП «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру үшін отандық өндірушілердің тізілімі құрылады. Сонымен қатар, SK Construction осы кәсіпорындардың өндірістік қуаттарын талдауды сұрастырды.

Бизнес-қоғамдастықпен өзара іс-қимыл бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша бизнес-қоғамдастық айтқан ескертулер мен ұсыныстар ескерілді. Атап айтқанда, тәжірибені растау кезінде құрылыс саласы кеңейтілді, жасалған шарттар бойынша сот талқылауының болмауы туралы талаптар алынып тасталды, әлеуетті өнім берушіні оңалту рәсімдері банктік кепілдік беру мерзімдері және басқа да маңызды ұсыныстар қайта қаралды.

Төрағасының блогы