2023 жылғы 9 наурыз күні сағат 15.00-де «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма Төрағасы Маулен Айманбетов Беларусь Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Павел Утюпиннің өтініші бойынша болған кездесу өткізді. Сондай-ақ, іс-шараға Елшінің кеңесшісі Леонид Рыжковский, баға және сатып алу маркетингі департаментінің директоры Арман Сапекенов және Samruk-Kazyna Construction жобалау және құрылыс басқармасының бастығы Берік Қасенов қатысты.

Кездесуге қатысушылар Беларусь және Қазақстан Республикалары арасындағы құрылыс саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады. Басқосу өте ерекше өтті, Павел Утюпин Беларусь құрылыс компанияларының SK Construction инвестициялық жобаларына әлеуетті қатысуы туралы бастамалармен келді.

Маулен Айманбетов Беларусь тарапынан қазақстандық нарыққа деген қызығушылыққа ризашылығын таңытып, SK Construction қызметінің негізгі бағыттары туралы баяндады. Импортты алмастыру саясаты шеңберінде құрылыс материалдарын өндіретін зауыттарды іске қосу бойынша инвестициялық бағытына егжей-тегжей тоқтады.

Өз кезегінде, Беларусь тарапы осы бағыттағы ынтымақтастық туралы ниетін білдіре отырып, керамикалық плитаның белсенді дамып келе жатқан өндірісімен таныстырды. Кеңес барысында «Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамы мен «Белстройцентр-Холдинг» республикалық унитарлық кәсіпорны арасында меморандумға қол қою туралы шешім қабылданды.

Бұдан әрі «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы туралы сөз қозғалды, оның мақсаты мектептердің үш ауысымдылығын, апаттылығын болдырмау және оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. SK Construction алдында ауылда және қалада техникамен және пәндік кабинеттермен бірыңғай жарақтандыру жолымен бір үлгідегі мектептерді пайдалануға беру міндеті тұр.

Елші Беларуссияда «Ауылды жаңғырту» деп аталатын осындай ұқсас жоба болғаны туралы атап өтті, сондай-ақ Беларусь бизнес-қоғамдастығының «Жайлы мектеп» ұлттық жобасына қатысуына қызығушылық білдірді.

Басқарма Төрағасы шетелдік компаниялардың қатысуына біліктілік және жобалау талаптарына сәйкес жергілікті компаниялармен консорциум құру арқылы ғана мүмкіндігі бар туралы түсіндірді.

Жоғарыда аталған бағыттарымен қатар, кешенді құрылыс салудағы өзара іс-қимыл талдыланды.

Өз кезегінде Беларусь Республикасының Елшісі кездесу үшін алғыс айтып, одан әрі ынтымақтастыққа үміт білдірді.

 

Анықтама: «Белстройцентр-Холдинг» салалық құрылыс холдингі 2016 жылы құрылған (Беларусь Республикасы Министрлер Кеңесінің 2016 жылғы 25 қаңтардағы № 50 қаулысы) және бастапқыда құрылыстың барлық кезеңінде құрылыс-монтаждау және мамандандырылған жұмыстардың барлық түрлерін орындайтын Беларусь Республикасы сәулет және құрылыс Министрлігінің 19 кәсіпорнын біріктірді, бұл ірі құрылыс кез келген күрделі объектілерді кілтке тұрғызуға арналған келісімшарттар.

Қазіргі уақытта холдингтің құрамына 21 кәсіпорын кіреді.

Беларусь Республикасындағы инжинирингтік қызметтің танылған көшбасшысы – «Белстройцентр» республикалық унитарлық кәсіпорны холдингінің Басқарушы компаниясы жобаларды басқаруды және құрылыста инженерлік қызметтерді кешенді жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Холдингте құрылыс қызметтерінің толық спектрін қамтамасыз ету үшін барлық ресурстар бар:

  • Құрылыстың кез келген кезеңінде қызметтердің барлық түрлерін ұсынатын 18 кәсіпорын;
  • 16 000-нан астам білікті мамандар;
  • 5 000 бірліктен астам құрылыс және жүк көтергіш техника, оның ішінде бірегей;
  • Әлемнің 25-тен астам еліндегі жобалар.

 

Төрағасының блогы