Ағымдағы жылдың наурыз айында «Түркістан облысында қуаты 1000 МВт бу-газ қондырғысы базасында электр станциясы негізгі алаңың салу жобасы бойынша «дайын күйінде тапсыру» кешенді жұмыстарды сатып алуға ашық тендер өткізу қорытындысы бойынша Doosan ENTERBILITY CO. LTD LTD және «Bazis Construction» ЖШС консорциумы жеңімпаз деп танылды.

Бүгін, 2023 жылғы 20 наурызда «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма Төрағасы Мәулен Айманбетов Doosan Heavy Construction қызметі бойынша бас офицері Юнин Джунмен кездесті. Тараптар Түркістан облысында қуаты 1000 МВт бу-газ қондырғысы базасында электр станциясының алдағы құрылыс мәселелерін талқылады.

Аталмыш электр станциясының құрылысы Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – Ел өркендеуінің берік негізі» Жолдауында берілген тапсырмасын орындау мақсатында іске асырылуда.

Кездесу барысында «Туркистан ПГУ» ЖШС Бас директоры Асқар Құсайынов пен Plant EPC BG атқарушы вице-президенті Хенхо Ли «Түркістан облысында қуаты 1000 МВт ПГУ базасында электр станциясын салу» жобасын сәтті іске асыру мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Ауқымды жоба Қазақстанның энергия жүйесінің сенімділігін арттырады, жетіспейтін энергетикалық қуаттардың орнын толтыруға, Орталық Азияның энергия жүйесі құратын авариялық кернеудің теңестіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл электр станциясы әлеуметтік тіршілікті қамтамасыз ететін объектілерді өздігінен үздіксіз энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Инвестициялардың жалпы сомасы 600 млрд теңгеден астам құрайды.

Құрылыс процесіне 2000-ға жуық адам тартылады. Электр станциясын пайдалану басталысымен 300-ден астам тұрақты жұмыс орны құрылады.

Анықтама: Doosan Group (Dusan Group) – Оңтүстік Кореяның ірі қаржы-өнеркәсіп топтарының бірі, бүкіл әлем бойынша кең ауқымды өндірістері мен өкілдіктер желісі бар халықаралық корпорация. Жер қазу және жол-құрылыс техникасын шығару бойынша әлемде 7-ші орында. 1896 жылы Сеулде құрылған компанияның қазіргі уақытта Кореяда 25 еншілес компаниясы және әлемнің 35 елінде 86 шетелдік филиалы бар. Компанияның өнімдері-экскаваторлар, тұтыну тауарлары, жылжымайтын мүлік, қаржылық қызметтер, IT қызметтері, медиа, бөлшек сауда, өндірістік жабдықтар және консалтинг. Дусан қазандықтарға, турбиналарға және генераторларға арналған негізгі технологияларға ие – қазіргі заманғы қазба отындарын өңдеудің үш негізгі құрамдас бөлігі.

Төрағасының блогы