2023 жылғы 17 наурызда «Samruk-Kazyna Construction» АҚ 2023 жылғы 30 наурыздағы өтінімдерді қабылдаудың соңғы күнімен сағат 00-00-ге дейін (Астана қ.уақыты бойынша) «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы мектептердің қасбет түсті айқындау мақсатында ашық конкурс жариялады.

Конкурстың талаптары мен критерийлеріне сәйкес келмеу себебінен комиссия өтінімдерді қабылдауды 2023 жылғы 12 сәуірге дейін Астана қ.уақыты бойынша 00-00-ге дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ, "Samruk-Kazyna Construction" ақ жалпы бюджеті 2 000 000 теңгеге дейін жүлде қорын көтерді.

Қатысу үшін info@fnsk.kz электронды поштаға онлайн-өтінімді (№1 қосымша сәйкес) жіберу қажет.

 

Өтінімдер 2023 жылғы 12 сәуір сағат 00.00-ге дейін қабылданады. Нәтижелерді жариялау және жеңімпаздарды марапаттау 2023 жылдың 19 сәуіріне жоспарланған.

Байқау 2023 жылғы 17 наурыз бен 19 сәуір аралығында 2 кезеңде өткізіледі:

І кезең: 2023 жылғы 17 наурыздан 12 сәуірге дейін – конкурстық жұмыстарды ұсыну.

II кезең: 2023 жылғы 12 сәуірден 16 сәуірге дейін – конкурстық жұмыстарды бағалау.

2023 жылғы 12 сәуір сағат 00:00-ден кеш ұсынылған конкурстық жұмыстар конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

Конкурстың қорытындысын шығару: 2023 жылғы 16 сәуірге дейін, жеңімпаздарды хабарландыру және марапаттау – 2023 жылғы 19 сәуір.

Егер ұсынылған жұмыстардың ешқайсысы конкурстың талаптары мен өлшемшарттарын қанағаттандырмаса, комиссия конкурсты ұзарту туралы шешім шығаруға құқылы.

 

Жеңімпазды марапаттау

 

Конкурс нәтижелері бойынша марапаттау туралы шешім қабылданады:

1 орын – 1 300 000 теңге;

2 орын- 500 000 теңге;

3 орын - 200 000 теңге.

Конкурсты өткізудің егжей-тегжейлі тәртібі, қатысушының өтінім үлгісі және ғимараттың қасбетінің болжамды конфигурациясы бар файлдар парақшаның төменгі жағында орналасқан.

 

Төрағасының блогы