2023 жылғы 30 наурызда сағат 10:00-де «Samruk-Kazyna Construction» АҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа бейілділігін растау мақсатында «Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптары. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер».

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы іске асырудың белсенді кезеңіне енді. «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басшылығымен «дайын күйінде тапсыру»  жобалау және құрылыс бойынша кешенді жұмыстарды сатып алуға конкурстық өтінімдерді қарау қарсаңында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл жөніндегі семинар-кеңеске бастамашылық жасалды.

Спикерлер ретінде «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма Төрағасы Мәулен Айманбетов, «Самұрық-Қазына» АҚ Комплаенс қызметінің басшысы Даурен Ақшалов және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің превенция қызметі басқармасының бастығы Мирас Қарғабай сөз сөйледі. Семинарға SK Construction қызметкерлері, сондай-ақ 20 өңірдегі өкілдіктер бейне конференция байланысы (ВКС) арқылы қатысты.

Сыбайлас жемқорлық – бұл үнемі мұқият зерделеуді, жүйелі көзқарасты, кешенді және жедел қарсылықты қажет ететін қазіргі қоғамның жағымсыз құбылысы.

Семинар барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның талаптары түсіндірілді, қылмыстық және әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша түсініктемелер берілді. Семинар соңында спикерлер қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді.

SK Construction Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен Меморандум жасасуға және SK Construction сондай-ақ еншілес және тәуелді ұйымдардың қызметкерлерімен жоспарлы жұмысты жалғастыруға ниетті. Барлық қызметкерлер «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңға сәйкес міндеттемеге қайта қол қояды.

Төрағасының блогы