«Samruk-Kazyna Construction» АҚ және YDA түрік компаниясы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

 

Меморандум ұзақ мерзімді және өзара тиімді ынтымақтастықты құруға бағытталған. Осы Келісім шеңберінде тараптар құрылыс саласындағы инвестициялық жобаларды бірлесіп іске асыру үшін өздерінің күш-жігері мен ресурстарын біріктіреді.

Осындай жобалардың бірі – металл және болат конструкцияларын құм ағынымен өңдеу зауытын салу. Құрылыс кезінде 250 жұмыс орны, ал басқару және пайдалану үшін 150 жұмыс орны ашылады.

Сонымен қатар, тараптар жобалық қуаты жылына 500 000 шаршы метрді құрайтын сэндвич-панельдер шығаратын зауыт салуға келісті. Зауытты салу үшін 300 жұмыс орнын және басқару мен пайдалану үшін 200 жұмыс орнын ашу көзделіп отыр.

SK Construction Басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов компанияның Астанада орналасқан зауытын аралады. Кездесу барысында YDA өкілдері өздері шығаратын кеңсе және тұрмыстық жиһаздарын, аурухана төсектері мен модульдік құрама ғимараттарды көрсетті. 

1954 жылы құрылған YDA компаниялар тобының нарықта 48 жылдық тәжірибесі бар. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі (МЖӘ) бойынша ауруханаларды, өнеркәсіптік құрылыстарды, цемент зауыттарын тұрғызды, жолдарды, көпірлерді және тұрғын үй кешендерін салды.

Компанияның сенімділігі халықаралық сәйкестік сертификаттарымен расталған. Атап айтқанда, ISO 9001:2015 сапа менеджменті стандарты, ISO 14001 - 2015 OHSAS 18001 Экологиялық Менеджмент Стандарты, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен жұмысшылардың денсаулығын бағалау стандарты, сондай-ақ ISO 15504 (SPICE) бар.

Төрағасының блогы