Samruk-Kazyna Construction Басқарма Төрағасы Мәулен Айманбетов жайлы мектептерге кіреберіс жолдарды барынша кең етіп жобалаудың маңыздылығын атап өтті. Бұл қауіпсіздік пен ыңғайлылықты қамтамасыз етеді.

Түркістан қаласында жайлы мектептердің құрылысына бөлінген  жер телімдерін аралаған Басқарма Төрағасы кірме жолдарды жобалауға ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті. Айманбетовтың айтуынша, мектептерге кіреберісті төрт жақтан да қамтамасыз ету маңызды. Сондай-ақ, көліктерге арналған тұрақтардың кең болуы, автобус аялдамаларын, бағдаршамдарды, жүргіншілер жолағы мен жылдамдық бәсеңдеткіштерді орнату қажет.

«Осы жағдайда балалар мен ата - аналар оқу орындарына оңай және қауіпсіз жете алады», - деді ол.

Айта кетейік, SK Construction басшысы және ұлттық жобаны іске асыру бойынша департамент директоры Ербол Ахметов Түркістан облысына жұмыс сапарымен жүр.

Өңірде әрбір жайлы мектептің сапалы инфрақұрылымын қамтамасыз ету үшін барлық жауапты ұйымдардың өкілдері кіретін жеке жұмыс топтары құрылды. Мектептерді жобалау мен салуға жауапты Samruk-Kazyna Construction жергілікті атқарушы органдармен етене жұмыс істе жатыр, өйткені олар ғимараттарға кіреберіс жолдар мен инженерлік инфрақұрылымды жүргізуге жауапты.

Жұмыс сапары барысында Samruk-Kazyna Construction Басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдымен кездесті. Әңгіме барысында олар жобаны жүзеге асыруға байланысты маңызды мәселелерді талқылады. Мәулен Айманбетов жайлы мектептердің құрылысын уақтылы бастау үшін жер телімдерін құрылысқа дайындау жұмыстарын жеделдету қажеттігін атап өтіп, өңір басшысынан жан-жақты қолдау көрсетуді сұрады.

Мәулен Айманбетов Бәйдібек ауданындағы Шаян ауылына да барды. Онда 300 орындық жайлы мектеп салынады. Жобаның мердігері «Тамыз құрылыс ББК» ЖШС жақын арада учаскені құрылысқа дайындау жұмыстарын аяқтайды. Айта кету керек, Төраға жақын маңдағы ескі спорт алаңын қайта құру жұмыстарын мектептің жобасына енгізуді тапсырды, өйткені келесі жылы елді мекенде республикалық бюджет есебінен жаңа алаң салу жоспарланған.

Түркістан облысында «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы бойынша барлығы 63 орта білім беру нысанын салу жоспарланған. 29 нысанның құрылысы биыл басталып, келесі жылдың соңына дейін аяқталады. Қалған 34 мектеп 2025 жылдың соңына дейін тапсырылады.

Қазіргі уақытта 19 мектептің мердігерлері анықталды. Келесі аптада 6 мектептің құрылыс салушылары анықталады, ал 4 мектеп бойынша конкурс нәтижелері тамыз айының басында белгілі болады.

 

Төрағасының блогы