«Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында Түркістан облысының Сарығаш қаласында жаңа оқу орны салынады.

Заманауи мектеп Б. Оспанов көшесінде ескі мектептің орнында бой көтереді. 75 жыл бұрын салынған және апатты жағдайда тұрған бұрынғы білім ошағының ғимараты бұзылды.

Демалысқа қарамастан, жексенбі күні Samruk-Kazyna Construction Басқарма Төрағасы Мәулен Айманбетов және ұлттық жобаны іске асыру бойынша департамент директоры Ербол Ахметов жергілікті әкімдік өкілдерімен бірге болашақ жайлы мектептің құрылыс алаңына барды. Сондай-ақ, кездесуге жергілікті тұрғындар мен мұғалімдер жиналды. Айманбетов оларды қызықтырған барлық сұрақтарға жауап берді.

«Қазір учаскені құрылысқа дайындап жатыр, сонымен қатар ғимараттың ЖСҚ әзірленуде. Біз сіздерге мектептің эскиздік жобасын береміз. Танысып, ұсыныстарыңызды енгізіңіздер. Біз жобалау процесінде барлық сындарлы ескертулер мен ұсыныстарды міндетті түрде ескереміз», - деп сендірді Басқарма Төрағасы қала тұрғындарымен диалог барысында.

Құрылыс алаңын аралаған Мәулен Айманбетов жаңа мектеп ғимаратына кірме жолдар барынша кең болуы керек екенін тағы бір мәрте еске салды. Мердігер компанияға өңір басшылығымен етене жұмыс істеп, көршілес жатқан жер учаскелерін құрылыс алаңына қосу мүмкіндігін ойластыруды жүктеді.  Бұл  балалардың да, мұғалімдердің де қауіпсіздігін және жайлылықты қамтамасыз ету үшін өте маңызды.

Төрағасының блогы