«Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында 2023-2025 жылдары Ұлытау облысында 6 жаңа әрі заманауи орта білім нысаны салынады. Биыл 1 мектептің құрылысы басталады. Ол келесі жылдың 1 қыркүйегінде есігін айқара ашатын

Бұл мектеп Жезқазған қаласының «Геологический» шағын ауданында орналасады. Ол 300 орынға шақталған. Болашақ оқу орнының құрылыс алаңына «Samruk-Kazyna Construction» АҚ ұлттық жобаны іске асыру бойынша департамент директоры Ербол Ахметов және осы департаменттің құрылыс бөлімінің бастығы Жан Мырзағали барды.

Мердігер «Нұр Астана Құрылыс» ЖШС өкілдерімен бірлесіп, учаскенің бас жоспарына және мектеп ғимаратын орналастыру жоспарына қатысты проблемалық мәселелер бойынша жұмыс отырысы өткізілді.

5 мектептің құрылысы 2024 жылы басталады. Оқу орындары 2025 жылдың соңына дейін есігін айқара ашады.

 

Жезқазған қаласының «Батыс» шағын ауданында

1 200 орын

Сәтбаев қаласының 8-ші шағын ауданында

900 орын

Жаңаарқа ауданындағы Түгіскен ауылында

300 орын

Жаңаарқа ауданындағы Жаңаарқа кентінде

600 орын

Ұлытау ауданының Ұлытау кентінде

300 орын

 

Кейбір мектептер үшін жер телімдері бөлініп қойған. Мысалы, Ұлытау кентінде келесі жылы 300 орындық жайлы мектеп құрылысы басталады. Алайда, берілген учаске оқу орнының құрылысына жарамайды, өйткені ол республикалық трассаның бойында орналасқан. Департамент директоры Ербол Ахметов жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп аумақты ауыстыру мәселесін талқылады.

Сондай-ақ, «Samruk-Kazyna Construction» делегациясы облыс әкімінің орынбасарымен өңірде ұлттық жобаны іске асырудың өзекті мәселелерін талқылады. Кеңес қорытындысы бойынша облыс әкімдігі 6 тамызға дейін жайлы мектептерге бөлінген барлық учаскелерде желілерді шығаруды жүзеге асыру жұмыстарын жүргізеді.

 

 

Төрағасының блогы