Жексенбі күні «Samruk-Kazyna Construction» Басқарма Төрағасы Мәулен Айманбетов пен Астана әкімі Жеңіс Қасымбек  «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында салынатын мектептің құрылыс алаңына барды.

Қала әкіміне жер учаскелерін құрылысқа дайындау жұмыстары (қоршау, бейнебақылау камераларын орнату, құрылыс техникасын жұмылдыру, инженерлік-геологиялық іздестіру және т.б.) жүргізіліп, сонымен қатар мектептердің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатқаны баяндалды. ЖСҚ мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін құрылыс-монтаждау жұмыстары басталады.

«Samruk-Kazyna Consrtuction» Басқарма Төрағасы қала басшысынан инженерлік желілерді тарту және кірме жолдарды салу жұмыстарының уақытылы атқарылуын қамтамасыз етуді өтінді. Мәулен Айманбетовтың сөзінше, жайлы мектептерге төрт жағынан да еркін кіруге болатындай жағдай жасалуға тиіс.

Ұлттық жоба аясында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2026 жылға дейін елордада 24 мектеп салынады. Бұл екі ауысымда 90 мыңға жуық оқушы орнын құруға мүмкіндік береді. Мысалы, 24 жайлы мектептің 15-і қарқынды дамып келе жатқан Нұра мен Есіл аудандарында орналаспақ. Сондай-ақ, жайлы мектептер қаланың тұрғын алаптарында да салынады.

2023 жылы елордада 22 мектептің құрылысы басталады. Олар 2024 жылы тапсырылмақ. 2000 орындық 1 мектептің құрылысы келесі жылы басталып, 2025 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі. 1200 орындық 1 мектепті жергілікті атқарушы органдар құрылыс компаниясынан 2025 жылы дайын тауар ретінде сатып алады.

Төрағасының блогы