Кәсіби мереке қарсаңында компанияның ондаған қызметкері жоғары кәсібилігі мен құрылыс саласының дамуына қосқан үлесі үшін құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды.

«Samruk-Kazyna Construction» Басқарма Төрағасы Мәулен Айманбетов өзінің құттықтау сөзінде кәсіби шеберлік және іске адалдық табыс пен прогрестің қозғаушы күші екенін ерекше атап өтті.

 

Басқарма Төрағасының Құрмет грамотасымен марапатталды:

 

  • Бейсеков Данияр Қайырұлы, жобаларды басқару тобының жетекшісі, жобалау және құрылыс департаментінің бас менеджері;
  • Жұмашев Дамир Жанзақұлы, құқықтық сүйемелдеу департаментінің директоры;
  • Далбин Нұртай Муталяпұлы, топ жетекшісі, бас менеджер;
  • Әбдірашев Серік Аркашкевич, ақпараттық технологиялар департаментінің бас менеджері;
  • Сыроватский Андрей Михайлович, «Samruk-Kazyna Development» ЖШС техникалық қадағалау сарапшысы;
  • Байжұман Бауыржан Жанғалиұлы, «Samruk-Kazyna Development» ЖШС техникалық қадағалау сарапшысы.

 

Басқарма Төрағасының Алғыс хатымен марапатталды:

 

Жұмабеков Нұрлан Мырзатайұлы, активтерді пайдалану және сату департаментінің бас менеджері;

Рысбеков Қазбек Талғатұлы, активтерді пайдалану және сату департаментінің бас менеджері.

 

«Samruk-Kazyna Development» ЖШС еңбек сіңірген техникалық қадағалау сарапшысы Әуелбаев Бақытали Әлімбайұлына «Құрметті құрылысшы» төсбелгісі табысталды.

Төрағасының блогы