«Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында 2025 жылдың соңына дейін 369 орта білім беру нысаны салынады.

Samruk-Kazyna Construction тапсырысы бойынша 208 мектеп 2024 жылы, қалған 151 мектеп 2025 жылы пайдалануға беріледі.

Бүгінгі таңда 182 жайлы мектеп бойынша мердігерлермен (консорциум жетекшілерімен) ЕРС-келісімшарттарға қол қойылды. 

10 мектеп жергілікті атқарушы органдардың тапсырысы бойынша салынады, оның ішінде 1 мектеп мемлекеттік-жеке меншік әріптестік, ал 9 мектеп дайын нысанды сатып алу тетігі арқылы пайдалануға беріледі.

12 мектеп бойынша конкурс нәтижелеріне шағым түсіп, қарастырылу үстінде.

4 жайлы мектептің мердігерлері ерекше әдіспен анықталады.

10 мектеп бойынша конкурстар қайта жарияланды. Қыркүйек айының соңына дейін конкурстық рәсімдердің қорытындысы белгілі болады.

Төрағасының блогы