Оқушылар, ата-аналар, педагогтар және жанашыр азаматтар ұлттық жоба шеңберінде салынатын заманауи мектептердің жобаларымен танысып, өз пікірлерін ашық білдіре алады.

Қазақстан Республикасының барлық тұрғындары төмендегі сілтеме арқылы өтіп, сауалнамаға қатыса алады (https://forms.gle/auRNbe4NBARkLyiV7). Мұнда мектептердің қасбеті, архитектурасы, сыртқы және ішкі дизайні, интерьері және көлемдік-жоспарлау шешімдері көрсетілген.

Samruk-Kazyna Construction оқу орындарын жабдықтау мен безендіру бойынша ұсыныстарға ашық. Конструктивті сыни пікірлер, ескертулер мен ұсыныстар 15 қыркүйекке дейін қабылданып, қаралады. Содан кейін жайлы мектептердің жобалық-сметалық құжаттамасы мемлекеттік сараптамаға жіберіледі.

Пилоттық ұлттық жобаны жүзеге асыруға белсене қатысыңыз! Сіздің пікір біз үшін маңызды!

Төрағасының блогы