«Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Амангелді Саттаров пен Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының өңірде жүзеге асырылу барысын талқылады. 20 қыркүйекте өткен отырысқа мердігер компаниялар мен мемлекеттік орган өкілдері де қатысты деп хабарлайды SK Construction PR қызметі Ақмола облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтемемен.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Ақмола облысында 2025 жылға дейін 22,6 мың оқушыға арналған 18 білім беру нысанын салу жоспарланған. 9 мектеп бойынша конкурс аяқталып, мердігерлер анықталды. Жер телімдерінде дайындық жұмыстары жүргізілді, атап айтқанда құрылыс учаскелері уақытша электр желісімен қамтылып, бейнебақылау камералы орнатылып, аумақ қоршалған.

 Облыс әкімі мемлекеттік орган өкілдері мен мердігерлерге жүктелген тапсырмаларды уақытылы орындап, құрылыс барысында стандартты қатаң сақтау қажеттігін ескертті.

«Жайлы мектеп» - Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан білім беру саласындағы бірегей жоба. Ол оқушы орындарының тапшылығы мен үш ауысымды оқыту мәселесін шешуге септесіп, білім беру процессінің сапасын арттырма», - деді Марат Ахметжанов жиын барысында.

2023-2024 жылдары Целиноград ауданында және Көкшетау қаласында 12 200 орындық 9 мектеп салу жоспарланып отыр. 10 400 орынға орналған тағы 9 оқу орны екінші кезеңмен, яғни 2024-2025 жылдар аралығында бой көтереді. Білім ошақтары Аршалы, Бурабай, Целиноград және Шортанды аудандарында, Қосшы және Көкшетау қалаларында тұрғызылады.

Төрағасының блогы